Экономикалық талдау негіздері. Жанар Оралбаева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Экономикалық талдау негіздері - Жанар Оралбаева страница 3

Название: Экономикалық талдау негіздері

Автор: Жанар Оралбаева

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-0521-9

isbn:

СКАЧАТЬ негізгі көзі болып табылады;

      – аудитпен байланысты, себебі аудитті жүргізу кезінде бухгалтерлік есеп пен есептілік мәліметтерін дәлелдеу үшін аналитикалық процедуралар өте көп пайдаланылады;

      – статистикамен байланысты, себебі шаруашылық қызметті кешенді түрде оқып-үйрену үшін статистикалық есеп мәліметтері де қолданылады. Ақпараттарды талдау үшін статистикалық әдістерді (аналитикалық есептеулер, кестелер құру, топтастыру және т.б.) білу керек;

      – экономикалық математикамен, аналитикалық зерттеулерде математикалық әдістерді пайдалану қажеттіліктері туады;

      – қаржымен, менеджментпен, маркетингпен тығыз байланысты.

      5. Экономикалық талдау түрлерін жіктеу және олардың ұйым қызметін басқарудағы рөлі

      I Салалық ерекшеліктері бойынша:

      1. Салалық экономикалық талдау (өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, құрылыс) – бұл жағдайда сала қызметінің ерекшеліктері ескеріледі.

      2. Салааралық экономикалық талдау экономикалық талдау (экономикалық талдау негіздері) – талдаудың салалық әдістерінің теориялық және әдістемелік негіздері болып табылады.

      II Уақыт белгілеріне байланысты:

      1. Алдын ала жүргізілетін талдау, яғни перспективті талдау (шаруашылық операциялары іске асырылғанға дейін жүргізілетін талдау). Талдаудың бұл түрі жоспарлар мен басқару шешімдерін негіздеу үшін қажет.

      2. Кейіннен жүргізілетін талдау (ретроспективті немесе тарихи талдау) – ұйымның даму тенденциясын зерттеу үшін қабылданған жоспарлардың орындалуын бақылау үшін қолданылады.

      Перспективалық және ретроспективті талдау бір-бірімен өте тығыз байланысты. Ретроспективті талдаусыз перспективті талдауды жүргізу мүмкін емес. Өткен жылдардағы қызмет нәтижелеріне жүргізілген талдау тенденциялар мен заңдылықтарды зерттеуге, пайдаланылмаған мүмкіндіктерді анықтауға мүмкіндіктер береді.

      Перспективалық талдау екіге бөлінеді:

      1. Қысқа мерзімді талдау – бұл болжамдық талдау бизнес саласындағы ұйым тактикасын жасау үшін пайдаланылады;

      2. Ұзақ мерзімді талдау стратегиялық саясатты анықтау үшін жүргізіледі. Егер ұйымның даму стратегиясы дұрыс анықталса, онда тактикалық шешімдер тез қабылданады.

      Ретроспективті талдау екіге бөлінеді:

      1. Оперативті талдау – шаруашылық операциясы жүргізілгеннен кейін немесе қысқа мерзім аралығында жағдайды өзгерту үшін жүргізілетін талдаудың түрі (мысалы, сменаға, күнге, декадаға). Оның мақсаты – мақсаттық параметрлерден жағымсыз ауытқушылықтарды дер кезінде анықтау және оларды жою бойынша өз уақытында шаралар қолдану.

      2. Нәтижелік (қорытынды) талдау – белгілі бір нақты есептік кезеңге жүргізіледі (ай, тоқсан, жыл). Оның маңыздылығы ұйым қызметі кешенді түрде сәйкес кезеңдегі есептік мәліметтер бойынша жан-жақты жүргізіледі. Сол арқылы ұйым қызметіне неғұрлым толық баға беріледі.

      III СКАЧАТЬ