Экономикалық талдау негіздері. Жанар Оралбаева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Экономикалық талдау негіздері - Жанар Оралбаева страница 8

Название: Экономикалық талдау негіздері

Автор: Жанар Оралбаева

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-0521-9

isbn:

СКАЧАТЬ жыл) салыстырылады. Бұл зерттеліп отырған көрсеткіштердің өзгеру қарқынын бағалауға мүмкіндіктер береді. Мысалы, ұйымның негізгі көрсеткіштерінің динамикасын келесі кесте түрінде көрсетейік.

      1-кесте

      Ұйымның негізгі көрсеткіштерінің динамикасы

      Салыстырылып отырған жылды базистік жылға бөліп 100 пайызға көбейтеміз, мысалы, 2010/2009*100.

      Яғни, 3 жылдың ішінде өндіріс көлемі 1 пайызға артқан. Бұл көрсеткішке жұмыскерлердің санын азайта отырып, еңбек өнімділігін жоғарылатумен қол жеткізілген.

      Нақты көрсеткіштерді жоспарлық көрсеткіштермен салыстыру. Бұндай салыстыру жоспардың орындалу деңгейін бағалау үшін және ұйымның пайдаланылмаған резервтерін анықтау үшін қажет. Мысалы, өндіріс көлемі бойынша жоспардың орындалуын келесі кесте түрінде талдайық.

      2-кесте

      Өндіріс көлемі бойынша жоспардың орындалуы

      Жұмсалған шығындарды бекітілген нормамен салыстыру (шикізаттар, материалдар, отын, энергия, су және т.б.). Бұндай салыстыру өндіріске жұмсалған ресурстардың үнемделгендігін және олардың артық жұмсалғандығын анықтау үшін және өндіріс процесінде оларды пайдалану тиімділігін бағалау үшін қолданылады. Мысалы, ұйымда материалдық ресурстардың пайдаланылуы туралы мәліметтер.

      3-кесте

      Материалдық ресурстардың пайдаланылуы

      Ақпараттарды топтастыру әдісі – зерттеліп отырған объектілерді белгілі бір белгілері бойынша топтарға бөлу. Талдау мақсатына байланысты типологиялық, құрылымдық және аналитикалық топтастыру қолданылады.

      Типологиялық топтастыруға мысал ретінде ұйымдарды меншік формалары бойынша топтастыру, халықты топтастыру жатады.

      Құрылымдық топтастыру көрсеткіштердің ішкі жеке бөліктерін зерттеуге мүмкіндіктер береді. Мысалы, жұмысшыларды мамандықтары, жастары, еңбек өнімділіктері, жұмыс еңбек өтілі бойынша бөлу жатады.

      Аналитикалық зерттелген көрсеткіштер арасындағы байланыстарды анықтау үшін қолданылады.

      Баланстық әдіс – бір-бірлерімен байланысты экономикалық көрсеткіштердің 2 тобының қосындылары бірдей болатын әдіс. Бұл әдіс бухгалтерлік есеп пен жоспарлауда кеңінен қолданылады. Мысалы, кезең басындағы товарлардың қалдығы+келіп түскен тоуарлар саны=сатылған тауарлар+кезең соңындағы тауарлар қалдығы.

      Эвристикалық әдіс – экономикалық міндеттерді шешудің формалды емес әдісі. Ол белгісіздік жағдайында объектінің жағдайын болжау үшін қолданылатын әдіс. Бұл жағдайда қажетті мәліметтерді алудың негізгі көзі мамандардың ғылыми интуициясы болып табылады. Көбінесе сұрау-жауап жүргізу, сараптамалық бағалау жасау жолымен жүргізіледі.

      Анықталған мәліметтерді кесте және график түрінде көрсету әдісі.

      Кестелер мен графиктер жинақталған мәліметтер мен көрсеткіштерді көрнекті етіп көрсету әдісі.

СКАЧАТЬ