Экономикалық талдау негіздері. Жанар Оралбаева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Экономикалық талдау негіздері - Жанар Оралбаева страница 9

Название: Экономикалық талдау негіздері

Автор: Жанар Оралбаева

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-0521-9

isbn:

СКАЧАТЬ белгілі, өндірілген өнім көлемі ӨК негізгі екі факторға тәуелді: жұмысшылардың саны ЖС және 1 жұмысшының орташа жылдық еңбек өнімділігі ЖӨ. Осыған байланысты келесі формула шығады.

ӨК=ЖС*ЖӨ, (екі факторлы модель)

      1. Алдымен, нәтижелік көрсеткішке, яғни ӨК әсер ететін факторларды анықтау керек:

      1) ЖС, жұмысшылар саны

      2) ЖӨ, бір жұмысшының орташа жылдық еңбек өнімділігі

      2. Есептеулер тәртібі:

      Егер 2 фактор болса, онда 3 есептеу болады

      Егер 3 фактор болса, онда 4 есептеу болады тағы сол сияқты…

      Тізбектелген қойылымдар әдісі үшін есептеу алгоритмі келесідей болады:

      1) өткен жылдағы барлық көрсеткіштер алынады:

      ӨК0=ЖСо*ЖӨо= 100*4=400

      2) Көрсеткіштерді бір-бірден ауыстырамыз:

      ӨКшартты көрсеткіш=ЖС і *ЖӨ0= 120*4=480

      3) ағымдық жылдағы барлық көрсеткіштер;

      ӨК1=ЖС1*ЖӨ1=120*5=600

      3. Факторлардың әсер етуі

      1) Жұмысшылар саны есебінен: 480-400=+80 (2-1)

      Қорытынды, яғни жұмысшылар санының 20 көбеюі, өндірілген өнім көлемінің 80 мың теңгеге көбеюіне әсер еткен

      2) бір жұмысшының орташа жылдық еңбек өнімділігі есебінен 600-480=+120, (3-2)

      Қорытындысында, яғни 1 жұмысшының орташа жылдық еңбек өнімділігі 1 мың теңгеге көбеюі есебінен, өндірілген өнім көлемі 80 мың теңгеге көбейген.

      Сонымен, өндірілген өнім көлеміне келесідей факторлар әсер еткен:

      1. Жұмысшылар санының көбеюі +80.

      2. Еңбек өнімділігінің деңгейінің жоғарылауы +120.

      Жалпы әсері немесе барлығы +200 мың теңге.

      Факторлардың әсер ету сомасы міндетті түрде нәтижелік көр-

      сеткіштің жалпы өсім сомасына тең болуы керек.

АӨКжс+АӨКжө=АӨКжаЛпы

      Осындай теңдіктің сақталмауы есептеулерде қате жіберілгендігін білдіреді.

      Егер 4 фактордың әсер етуін анықтау керек болса, онда 1 емес, 3 шартты көрсеткіш есептеледі, яғни нәтижелік көрсеткіштің шартты көлемдерінің саны факторлар санынан біреуге аз болады. Оны кесте түрінде келесідей көрсетуге болады.

      5-кесте

      Нәтижелік көрсеткішті есептеу шарттары

      Осы 4 факторлы модел ретінде көрсетейік:

      ӨК=ЖС*К*Ұ*СӨ,

      Кесте мәліметтерін осы формулаға қояйық:

      Өткен кезең көрсеткіштері:

      1) ӨКо=ЖСо*Ко*Ұо*СӨо=100*200*8*2,5=400

      Бір көрсеткіштен өзгертеміз:

      2) ӨКШАРТТЫ !=ЖСІ*КО*ҰО*СӨО=120*200*8*2,5=480

      3) ӨКШАРТТЫ 2=ЖСІ*КІ*ҰО*СӨО=120*208,3*8*2,5=500

      4) ӨКШАРТТЫ З=ЖСІ*КІ*ҰІ*СӨО=120*208,3*7,5*2,5=468,75

      5) ӨКІ=ЖСІ*КІ*ҰІ*СӨІ=120*208,3*7,5*3,2=600

      Факторлардың әсер етуін есептеу:

      1) ЖС есебінен: 480-400=+80

      2) К есебінен: 500-480=+20

      3) Ұ есебінен: 468,75-500=-31,25

      4) СӨ есебінен. 600-468,75=+131,25

      Барлығы: =+200 мың теңге

      Тізбектілік қойылымдар әдісін пайдаланған кезде, ең алдымен, сандық СКАЧАТЬ