Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару. Өтеғали Шеденов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару - Өтеғали Шеденов страница 11

СКАЧАТЬ рөлге ие болуына әкелуі мүмкін.

      Ал екіншіден, ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуында теңгерімсіздікдің (дисбаланс) сақталуы. Өңірлердің даму деңгейінде де едәуір айырмашылықтар бар, ол ұлттық табыстың жан басына шаққанда өндіріс деңгейіндегі алшақтықты туындатады. Бұл реттелмейтін ішкі еңбек миграциясының өсуіне әкеліп, әлеуметтік мәселелерді шиеленістіруі мүмкін.

      Дегенмен, бұл бағытта мемлекет тарапынан тиісті қадамдар жасалуда. Дегенмен, олар әлі де болса осы мәселелерді түбегейлі шеше алмауында.

      Үшіншіден, қаржы саласында қалыптасқан кейбір үдерістер. Мысалы, кредит берудің күрт өсуі банк кредиттерінің сапасы туралы мәселені өткір қоюда. Ал, қазіргі уақытта банк активтерінің 70 %-ы кредиттермен ұсынылуда.

      Шикізат өндіру көлемінің және оның бағасының өсуінің салдарынан қаржы ресурстарының құйылуының едәуір артуы айырбас бағамы мен инфляцияға күшті қысым жасайды. Шикізатты өндірудің жоспарлы түрде кеңейтілуін ескерсек, аталған үрдіс күшейе түсуі мүмкін.

      Елдің жалпы сыртқы қарызының (ЖСҚ) бақыланбайтын өсуі қатерді күшейтуде. Еліміздің жалпы сыртқы қарызы 2012 жылы 137 млрд. АҚШ доллары болса, қазір 184 млрд. АҚШ долларын құрады. Жалпы сыртқы қарызының өсуінде негізгі рөл мемлекет кепілдік бермеген, жекеше банктер секторының қарыздарына тиесілі болып отыр. Жалпы сыртқы қарыз көлемінің өсе түсуі, ең алдымен мемлекеттің беделіне кері әсерін тигізіп, капиталдың ішкі нарықтарының өсуін тежеп, қаржы секторының тұрақтылығынан айырылуына әкеліп соқтырады.

      Төртіншіден, Қазақстанның Дүнижүзілік сауда ұйымына кіруі үшін экономиканың жекелеген секторларының (мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, машина жасау және т.б.) дайындығы төмен деңгейде қалуы. Қазақстандық өнімнің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілетті деңгейінің төмендігі келіссөз үдерісі үшін қажетті, талдау құрамдасын жетілдіруді талап етеді.

      Импорттық тауарлар мен қызметтердің Қазақстан нарығына келіп түсуінің күшеюінен болатын салдарларға жасалған жанжақты экономикалық есептеулер аз, әлі де Қазақстанның заңнама саласының жүйелі сипатының, халықаралық заңнама жүйесімен үйлесуіне дайындығының салдарлары мәселесі жеткілікті пысықталмаған. Төлем балансы бойынша көптеген есеп-шоттар көрсеткіштері әлі де тұрақты емес, теріс сальдо көрсетіп отыр. Мысалы, қызмет көрсету мен табыс баланстарында теріс сальдоның мөлшері бірнеше есе асып кеткендігі рас.

      Бесіншіден, экономиканың «көлеңкелі экономика» деңгейінің жоғарылығы. Бағалауға қарасақ, жалпы экономиканың әлі де 20 пайызы «көлеңкелі экономикада» қалуда. Сонымен қатар, экономикада қазіргі бар «көлеңкелеу» кәсіпкерлерге сыбайлас жемқорлықпен қысым жасаудан туындаған бизнес жүргізу рәсімдерінің сақталып отырғандығында. Көлеңкелі экономиканың басым бөлігі саудада, шағын және орта бизнес деңгейлерінде сақталуында. Сондай-ақ, бизнесті ашу, ұйымдастыру, жүргізу және мемлекетке салық төлеу салаларында мемлекет тарапынан кедергілер болғандықтан, көлеңкелі экономика СКАЧАТЬ