Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару. Өтеғали Шеденов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару - Өтеғали Шеденов страница 10

СКАЧАТЬ конъюнктурасының тербелістеріне сәйкес қызмет етеді. Егер осы сектор едәуір дәрежеде ірі батыс трансұлттық компаниялармен жекешелендірілді деп есептесек, онда оның ұлттық экономикадан одан да оқшауланғанын күтуге болады.

      Қазақстан экономикасында сондай жағдайлар қалыптасты, яғни бұл кезде ішке бағытталған сектор нарықтық ортада қайта өндіру үшін жетерлік алғышарттарға ие емес. Еңбекақы мен салықты төлеуден кейін қалған қолдағы бар табыс негізгі капиталға инвеститцияларды қалыпты қайта өндіруге жеткіліксіз.

      Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік қауіп-қатерінің негізгі факторы – халық өмірінің төмен деңгейі, табыстары саралаудың жоғарлылығы.

      Елдің әлеуметтік тұрақтылығы мен тіршілігіне, оның экономикалық қауіпсіздігіне ең үлкен қауіп төндіретін:

      – халықтың әртүрлі топтарының арасындағы табыс пен тұтынуды жоғары саралау;

      – жұмыссыздықтың деңгейі;

      – азық-түліктің құнды түрлерін орташа нормамен тұтынудың қысқаруы үшін тамақтанудың балансталмаған құрылымы;

      – инфляция деңгейінің өзгермелілігі, оған халықтың сатып алу қабілетіне байланысты, және кедейлік аймағының кемімеуі.

      Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік жағдайы кері шамалармен – қауіптермен анықталады. Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік қатерлері – ішкі және сыртқы факторлардың (немесе олардың жиынтығы) әсерімен экономиканың негізгі звеноларының, оның басқару жүйесінің бұзылу қаупі, ұлттық байлықтың азаюы, технологиялық артта қалуы, қаржы-несиелік және валюта жүйесінің бұзылуы, ғылыми және әлеуметтік регресс, қоғамдағы интеграцияның бұзылуы, конституциялық әлеуметтік құқықты қамтамасыз ету мүмкіндігінің жоқтығы әсерінен ситуациялық дамудағы әлеуеттік мүмкіндік. Осылайша, экономикалық мүддеге әлеуметтік-экономикалық қауіптерді туғызады. Жалпы түрде оларды ішкі және сыртқы қауіптерге байланысты топтарға бөлуге болады.

      Қазақстан жағдайындағы ішкі экономикалық қатерлерге жататындар:

      – горизонтальді және вертикальді түрдегі шаруашылық байланыстардың бұзылуы;

      – шаруашылықтың техника-технологиялық базасының азаюы;

      – жұмыссыздық;

      – инфляция;

      – салық салудан көпшіліктің қашуы;

      – экономиканың монополизациясы;

      – экономиканың және қоғамның қылмысы;

      – ішкі және сыртқы қарыздың көлемділігі;

      – валюталық ресурстардың түрленуі.

      Қазақстандық экономиканың сыртқы әлеуметтік-экономикалық қатерлеріне келесілерді жатқызуға болады:

      – импорттық тәуелділіктің өсуі;

      – экономиканың тым ашық болуы;

      – Қазақстанның өзіндік инициативасымен табиғи ресурстардың нетто-экспортерына айналуы;

      – экономикалық динамиканың жаһандануы;

      – халықаралық СКАЧАТЬ