Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару. Өтеғали Шеденов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару - Өтеғали Шеденов страница 15

СКАЧАТЬ құрал бола алмайды.

      Э.А. Уткин мен А.Ф. Денисов еңбегінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін бағалаудың басқа әдісі ұсынылған. Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік критерийлері ретінде олар келесілерді көрсетеді:

      – мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымының кеңейтілген өндірісі;

      – алғашқы қажеттілік тауарларының маңызды түрлерін әкелуге мемлекеттің критикалық тәуелділігінің шектері;

      – аймақ тұрғындарының қалыпты өмір сүруін қамтамасыз етуі үшін жағдайлар қалыптастыру барысында тұрғындар қажеттілігін қанағаттандырудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету [25].

      Екіншіден, залалдардың алдын алу бойынша тиімді шараларды әзірлеу тәуекел факторларына жауап ретінде әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті төмендетудің шекті деңгейлері жүйесін анықтауға тәуелді.

      Үшіншіден, тұрғындардың өмір сүру деңгейі индикаторларының шекті мәндері ретінде келесі көрсеткіштерді қолдану ұсынылады: табысы ең төменгі күнкөріс көзінен төмен азаматтардың үлесі; табысы ең жоғары тұрғындар табыстарының және табысы ең төмен тұрғындар табыстарының арасындағы айырмашылық; туу деңгейі; өлім және түрлі себептерге байланысты ауру деңгейі; орташа еңбекақы мен зейнетақының ең төменгі күнкөріс көзімен салыстырмасы; жұмыссыздық деңгейі; ұзақ мерзімді қолданылатын тауарлармен қамтамасыз етілу деңгейі; қылмыстық деңгейі.

      Төртіншіден, ақырында авторлар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін бағалау үшін шекті мәндерді емес, керісінше, аймақ қауіпсіздігінің функционалды талдауын қолдануды ұсынады. Ол дербес қолайсыз жайттардың болу ықтималдығын және залалдың ықтимал көлемін бағалауға негізделген.

      Сонда мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігі беті қайтарылған залалды бағалау ретінде анықталатын болады. Алайда мұндай әдіс дербес муниципалды құрылым мен кәсіпорын үшін ғана өзекті.

      В.Сальников «Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігінің тұжырымдамасы» атты мақаласын да әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті «жұмысшылардың орташа еңбекақысы, ең төменгі күнкөріс көзі, әлеуметтік сипаттағы алымдарды алып тастағандағы орташа еңбекақының еңбекке қабілетті тұрғындардың ең төменгі күнкөріс көзіне қатынасы, тіркелген жұмыссыздар саны, жұмысшыларға сұраныс (вакансиялар), кәсіпорындар мен ұйымдардың тұтынуға беретін қаражаттары бойынша уақыты өтіп кеткен қарызы, кредиторлық қарыз, дебиторлық қарыз, анықталған экономикалық қылмыстардың саны» сияқты индикаторлар көмегімен анықтауды ұсынады. Осы көрсеткіштердің рұқсат етілетін шекті деңгейге жақындауы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігі қатерлерінің ұлғаюын, ал шекті мәндерден асып түсуі – тұрақсыздық және әлеуметтік жанжалдар зонасына түскендігін білдіреді. Соңғысы мемлекеттің депрессивті разрядқа енгендігін білдіреді [26]. Көзқарастан СКАЧАТЬ