Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару. Өтеғали Шеденов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару - Өтеғали Шеденов страница 6

СКАЧАТЬ келген зардаптарына арнаған [8].

      Ресей ғалымы Сенчагов В.К. мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін «..мемлекет тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға жететін мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және қаржылық әлеуетін сақтауға ішкі және сыртқы қатерлері жоқ, жоқтың қасы немесе көзі жойылған жай-күйі» деп түсіндіреді [9]. Бұл жерде автор мемлекет тұрғындарының әл-ауқатының жоғарылауын әлеуметтік жанжалдардың жоқтығы (немесе баяу байқалуы) және мемлекет біртұтастығын қамтамасыз етудің негізі ретінде көрсетеді.

      Акинин П.В., Гаевский В.В., Рязанцев С.В. көзқарастары бойынша мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі үшін мемлекеттердің сыртқы көршілермен нәтижелі қарым қатынасы мен аумақ ішіндегі экономиканың серпінді дамуы жеткілікті [10]. Профессор Губин Б.В., академик Олейников Е.А. мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігін мемлекеттер экономикасының даму тұрақтылығын және сарынды дамуын, нақты тәуелсіздігін және ел экономикасымен ықпалдасуын сипаттайтын шарттар мен факторлардың, олардың ағымдағы жайкүйінің жиынтығы ретінде түсіндіреді, олар келесі жағдайлардан көрінеді:

      – мемлекет аясында жеке экономикалық саясат жүргізу мүмкіндігі;

      – елдегі жедел геосаяси өзгерістерге төтеп беру қабілеті;

      – жекелеген экономикалық апаттармен немесе федералдық деңгейдегі экономикалық қате есептеулермен байланысты мемлекеттегі төтенше әлеуметтік жағдайлар бойынша ірі экономикалық іс-шараларды жүзеге асыру (немесе жүзеге асыруды бастауға) қабілеттілігі;

      – келісім-шарт негізінде қолданыстағы теңгерімсіз экономикалық жағдай мемлекеттің экономикалық мүдделеріне теріс әсер етуі мүмкін аумақтарға көмек көрсету [11].

      Гуськов Н.С., Зенякин В.Е. және Крюков В.В. сынды зерттеушілердің көзқарастары бойынша мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігі келесідегідей анықталады: табиғи, еңбек, материалдық, қаржылық ресурстарын қолдану тиімділігін, экономикалық өсудің жоғарғы қарқындарына қол жеткізуді, мемлекеттік өндірістің тиімділігін, өнім, жұмыс, қызметтер сапасының жоғарылауын, өндірісті монополиядан арылтуды, шаруашылық субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мемлекеттік биліктің басқару органдары тарапынан нәтижелі бақылау мүмкіндігі [12].

      Қазақстандық экономика ғылымында әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік тек ұлттық ауқымдарда ғана зерттеледі. Д.К. Ахметов берілген түсінігі экономикалық тұрақтылық деңгейін арттыруға әсер ететін ұлттық экономиканың еркіндігі мен оның сауда-саттық еркіндігін, оның өзін-өзі жетілдіруін және жаңаруын қамтамасыз ететін барлық шарттар мен факторлардың жиынтығы ретінде анықтайды [13]. Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздіктің мәнін түсіну үшін автор оның даму және тұрақтылық түсініктерімен байланысын түсіндіреді. Дәлірек айтқанда, нақ осы түсініктер бірыңғай жүйе ретіндегі экономиканың маңызды СКАЧАТЬ