Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару. Өтеғали Шеденов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару - Өтеғали Шеденов страница 7

СКАЧАТЬ қабілетін, мемлекеттік ықпалдастықтың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қалпында ұстау қабілетін сипаттайтын шарттар мен факторлардың жиынтығын түсінуге болады.

      Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігінің түсінігі оның қағидаларын анықтауға мүмкіндік береді, ол қағидалар төмендегідей:

      – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде қамтамасыз ету;

      – мемлекеттің экономикалық жай-күйінің объективті көрсеткіштерінің мониторингі және индикативті талдауы;

      – инновациялық бағыттылық экономикалық ілгерілеу мен оның тұрақты дамуының шарты ретінде;

      – сыртқы экономикалық қызметті мақсатты басқару;

      – әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру барысында биліктің барлық органдарының өзара тиімді ықпал етуі;

      – белсенді құрылымдық-инвестициялық саясат жүргізу.

      Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік түсінігінің тұрақтылық және даму түсініктерімен байланысын көрсету қажет. Егер тұрақты экономикалық даму болмаса, онда оның өмір сүруінің мүмкіндіктері қысқарады, ішкі және сыртқы қатерлерге төтеп беруі төмендейді. Бірыңғай жүйе ретіндегі экономиканың ең маңызды сипаты тұрақтылық. Ол жүйе ішіндегі тікелей, көлденең және тағы басқа байланыстардың төзімділігі мен сенімділігін, ішкі және сыртқы әсерлерге қарсы тұру қабілетін сипаттайды.

      Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін тұжырымдық негізде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасының мемлекеттік деңгейге жобаламасы ретінде қарастырған абзал. Бұл жеке адамдардың, қоғамның, мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделерін ішкі және сыртқы қатерлерден қорғауды қамтамасыз ету үшін қажет.

      Экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздік мәселелері мемлекет тарапынан ішкі және сыртқы қауіптерден қорғалуда экономикалық қуаттылықты, әлеуеттік қалыптастырудағы арнайы саясаты негізінде жүргізіледі. Себебі, әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік – бұл ішкі және сыртқы экономикалық қауіптердің бетін қайтаруға қабілетті, экономикалық тұрақтылықты сақтау және ұлттық экономиканың мемлекет тарапынан қорғалуына бағытталған өзара байланысты экономикалық кешенді шаралардан тұратын динамикалы жүйені білдіретін әлеуметтікэкономиканың жай-күйі ретінде анықталған.

      Даму – әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік компоненттерінің бірі. Егер экономика дамымаса оның өмір сүруінің, сондай-ақ сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерге қарсы тұру және бейімделу мүмкіндігін төмендетеді. Тұрақтылық пен қауіпсіздік – экономиканың тұтас жүйе ретіндегі маңызды сипаттамасы болып табылады. Оларды бір-біріне қарсы қоюға болмайды, себебі олардың әрқайсысы өздігінен экономиканың жай-күйін сипаттайды. Экономиканың тұрақтылығы оның элементтерінің, тік, көлденең және ішкі жүйенің СКАЧАТЬ