Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару. Өтеғали Шеденов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару - Өтеғали Шеденов страница 9

СКАЧАТЬ style="font-size:15px;">      Бірақ, ел экономикасын сәйкесінше оның экономикалық өсуін өндіру өнеркәсібіне бекіту болашақта мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін төмендетеді. Қазіргі таңда экономиканың әртараптандырылуы, сондай-ақ аймақтық дамудың біркелкі болмау мәселесі өткір болып тұр. Көршілес елдердің тәжірибесі мынаны көрсетеді, ұзаққа созылған әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлығы, жоғары әлеуметтік жікке бөліну айқын көрініс тапқан аймақтық әртараптандыру саяси шиеленістің ғана емес, сондай-ақ күштер қақтығысы ошағының себептері болды.

      Осылайша, әлемдік тәжірибені және Қазақстан экономикасының әрекет ету ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті айқындайтын келесі компоненттерді атауға болады: құрылымдық; технологиялық; институционалды; қаржылық-несиелік; инвестициялық-инновациялық және т.б.

      Дамыған елдерде әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың приоритеті бағыты, сондықтан әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік кепілдеме ретінде екі деңгейде түсіндіріледі:

      – сыртқы саясат – мемлекет егемендігі;

      – ішкі саясат – қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы.

      Ұлттық әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік – экономика және билік институттарының сондай жағдайы, яғни бұл жағдайда мемлекеттің ұлттық мүдделерін кепілді қорғау, ішкі және сыртқы процесстердің даму қолайсыздығы кезінде жеткілікті экономикалық және қорғаныс потенциалы қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік-экономикалық жүйе тұрақты болған сайын, экономика өмірге икемдірек болады, яғни оның қауіпсіздігін бағалау жоғарылайды. Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үрдісі ішкі және сыртқы қауіптерден немесе қатерлерден қорғалу механизмдерін қалыптастыруға негізделген. Өйткені, әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік – ішкі-сыртқы экономикалық қатерлердің бетін қайтаруға қабілетті, экономикалық тұрақтылықты сақтау және ұлттық экономиканың мемлекет тарапынан қорғалуына бағытталған өзара байланысты экономикалық кешенді шаралардан тұратын динамикалы жүйені білдіретін экономиканың жай-күйі ретінде анықталады (4-сурет).

      Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуінің сандық және сапалық көрсеткіштері бар болғанымен, оның негізгі түйіні ұлттық экономикалық мүдделерді жүзеге асыру қабілетімен көрінеді. Экономикалық мүдде қоғам мен мемлекеттің қысқа мерзімдегі мақсаттарына ғана емес, ұлттық экономиканың стратегиялы дамуын қалыптастыруға әсер етеді. Оны жүзеге асыруда басты субъект – мемлекет.

      4-сурет – Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік құрылымдары. Осы дерек көзінен құрылды [18]

      Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігінде қауіп – қатер факторлары жиі қолданылады.Олар мыналар:

      – аймақтар дамуының әлеуметтік – экономикалық СКАЧАТЬ