Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару. Өтеғали Шеденов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару - Өтеғали Шеденов страница 8

СКАЧАТЬ қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі – атқарушы билік органдарымен, төтенше жағдайлардың салдарын жою мен бөлу қаупінің алдын алуға арналған қаражаттар мен күшті қамтитын экономикалық қауіпсіздік жүйесінің құрамдас бөлігі.

      3-сурет – Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік жүйесінің негізгі компоненттері, осы дерек көзінен құралды [17]

      Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік объектісі – экономика мен мемлекетті тиімді басқару жүйесі аумақтық тұтастықты, егемендікті сақтауға ықпал ететін жағдайлар. Әлеуметтікэкономикалық қауіпсіздік субъектісі адам мен қоғам заңдыатқарушы сот билігі түріндегі мемлекет.

      Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету стратегиясы, негізгі мақсаттары мен оларға қол жеткізу жолдары, жалпы қоғамның әрекетінің ортақ бағыттылығын қамтамасыз етуге бағытталады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік саясатының мақсаты болып, әлуметтікэкономикалық дамуын қамтамасыз ету жағдайын жасау, негізгі құндылықтарды қорғау, Қазақстан халқының өмір сүруінің материалдық негіздерін, оның құқықтары мен бостандықтарын, республиканың ішкі және сыртқы саясатына саяси қысым мүмкіндіктерін болдырмауға жағдай жасау.

      Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік пен тәуелсіздік қойылған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік шаралар мен кепілдіктердің жүйесімен қамтамасыз етіледі, және одан мынадай міндеттер туындайды:

      – Республикада экономикалық және әлеуметтік қызметтің тұрақты заңды базасын құру;

      – Валюта – қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ішкі және сыртқы қарызды реттеу;

      – Өндіріс, экспорт, импортты оңтайландыру;

      – Шетел капиталын пайдаланатын кәсіпорындардың дамуы мен қызмет істеуін реттеу;

      – Жабық, құпия, комерциялық құпияны және басқа да ақпаратты, меншіктік зияткерлікті қорғау жүйесін құру;

      – Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік пен тәуелсіздікті қамтамасыз етуге жауапты мемлекеттік басқару органдарының жүйесін ұйымдастыру.

      Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін құрылымдық инвестицияның, валюталық-қаржылық, экспорттық-импорттық, кедендік институционалдық және кадрлық саясатты, экономикалық реформаларды құқықтық қамтамасыз ету талап етіледі. Ұлттық қаупсіздік мемлекеттің тұтастығымен өмірін қамтамасыз етуден, елдің қажеттіліктерінің жиынтығын білдіретін, мемлекеттің ұлттық мүддесімен анықталады. Кез-келген мемлекеттің негізгі ұлттық мүдделеріне мыналар жатады:

      – елдің аумақтық тұтастығы;

      – мемлекеттің егемендігі;

      – елдің және халықтың экономикалық өркендеуі;

      – әлемдік қауымдастықта лайықты орынға ие болу т.б.

      2. Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік құрылымы мен факторлары

      Қазіргі СКАЧАТЬ