Стратегиялық менеджмент. Сауле Купешова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Стратегиялық менеджмент - Сауле Купешова страница 4

СКАЧАТЬ көрсеткіштерге қол жеткізу үшін таңдалған жоспарды жүзеге асыру;

      • таңдалған стратегияны тиімді жүзеге асыру;

      • жинақталған тәжірибе, жаңа идеялар мен мүмкіндіктер аясында атқарылған жұмыстарды бағалау, нарықтағы жағдайды талдау, қызметтің ұзақ мерзімді негізгі бағыттарына, мақсатқа, стратегияға немесе оның жүзеге асырылу барысына түзетулер енгізу.

      Қызметтің бағытын анықтау алдын ала нақтыланған іс-шараларға байланысты. Ал ресурстарды үлестіру кететін шығындарға тікелей тәуелді. Егер де қызмет қажетті ресурстармен қамтамасыз етілмесе, онда мақсатқа жету мүмкін емес.

       2-сурет. Менеджердің негізгі бес міндеті

      Егер заманауи компаниялардың нақты даму стратегиясы болмаса, миссиясы мен мақсаттары айқындалмаса, міндеттерді жүзеге асыру әдістері нақтыланбаса, онда компания қызметкерлерінен мол табыс күту қисынсыз. Стратегиялық басқару бойынша соңғы елу жыл ішінде 2000-ға жуық жарияланымдар басылған. Қазіргі уақытта стратегиялық басқару туралы түсініктердің барлығын қамтитын, оны сызықты аналитикалық жоспарлаудың үдерісі деп мойындаған және ұйымның стратегиясын қалыптастыруды ақылды лидердің табысқа жету актісі деп танитын стратегиялық басқару мектептерінің онға жуығы бар.

      И. Ансофф «Стратегиялық басқару» кітабында стратегияның мынадай негізгі ерекшеліктерін көрсетеді:

      • Стратегияны құрастыру үдерісі жай іс-әрекетпен бітпейді. Әдетте, ол ұйымның бәсекелестік позициясын нығайту мен өсімді қамтамасыз ететін жалпы бағыттарды белгілеумен нақтыланады.

      • Құрастырылған стратегия стратегиялық жоспарлауды нақтылау арқылы пайдаланылуы тиіс. Стратегияның рөлі, біріншіден, негізгі қызметтерге және шынайы мүмкіндіктерге назар аударуға көмектесу, екіншіден, басқа қолжетімсіз мүмкіндіктердің стратегиямен сәйкес келмейтінін көрсету.

      • Стратегияның қажеттілігі ұйым өзі белгілеген мақсаттарға жеткенде жоғалады.

      • Стратегия жасау барысында белгілі шаралардың жобасын құрастыру кезінде барлық мүмкіндіктерді анық болжауға болмайды.

      • Іздеу үдерісінде нақты баламалар ашылған кезде нақты ақпарат та пайда болады. Бірақ ол бірінші стратегиялық таңдауға қарсы келуі мүмкін.

      Жобаларды іріктеу үшін стратегиямен қатар бағдарлар да қолданылады. Бағдар – ұйым жетуге ұмтылатын мақсат болса, стратегия – мақсатқа жету құралы. Ал бағдарлар – шешім қабылдаудың жоғары деңгейі.

      Стратегия мен бағдарлар бір-бірімен алмаса алады.

      Стратегиялық басқаруды пайдаланудың да бірнеше шектеулері бар:

      Біріншіден, стратегиялық басқару өзінің мәніне қарай болашақтың бейнесін көз алдымызға дәл және егжей-тегжейлі бере алмайды. Ол компанияның ішкі жағдайы мен сыртқы ортадағы орнын талдап, келешекте қандай жағдайда болады, нарықта және бизнесте қандай орын алуы керек, қандай ұжымдық мәдениетке ие болуы қажет деген сұрақтарға СКАЧАТЬ