Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы. А. Турлыбекова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы - А. Турлыбекова страница 8

СКАЧАТЬ консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру ұйымдастырылмаған жағдайда бағалы қағаздар нарығында аукцион немесе жазылым жүргізу арқылы жүзеге асыруға құқылы.

      Эмиссиялық бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында орналастыру сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Эмитенттің тиісті органы эмиссиялық бағалы қағаздарды инвесторлардың шек қойылмаған тобы арасында орналастыру туралы шешім қабылдағаннан кейін эмитент күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру туралы хабарлама жариялауға міндетті.

      Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру туралы хабарда:

      1. эмитенттің толық атауы және орналасқан жері;

      2. эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу күні, олардың түрі және орналастырылуға тиісті саны;

      3. акционерлердің акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын іске асырудың мерзімдері мен тәртібі туралы мәліметтер;

      4. эмитенттің бөлімшелері мен лауазымды адамдары, эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісімен немесе олар туралы өзге де ақпараттармен танысуға мүмкін болатын андеррайтердің (эмиссиялық консорциумның) атауы мен орналасқан жері туралы мәліметтер;

      5. эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру бағасы мен оларды төлеу туралы мәліметтер болуга тиіс.

      Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарап, бекіту үшін эмитент уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1. эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау жөніндегі өтінішті;

      2. есепті айдың аяғындағы немесе эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күнгі жағдай бойынша қаржылық есептілікті;

      3. эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес жасалған және ресімделген есепті табыс етеді.

      Эмитент мүлкінің кепілдігімен қамтамасыз етілген ипотекалық және басқа облигациялар шығарылған жағдайда, эмитент өз міндеттемелерінің орындалуы қамтамасыз етілгенін растайтын құжаттарды табыс етеді.

      Эмитент уәкілетті органға эмиссиялық бағалы қағаздар толық орналастырылғанға дейін әрбір алты айдың қорытындысы бойынша (есепті жарты жылдық аяқталғаннан кейін бір ай ішінде), сондай-ақ оларды толық орналастыру аяқталғаннан кейін эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындылары туралы есеп беріп отыруға міндетті.

      Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті уәкілетті орган күнтізбелік он төрт күн ішінде қарайды.

      Егер құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеу фактілері анықталса, уәкілетті орган эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары СКАЧАТЬ