Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы. А. Турлыбекова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы - А. Турлыбекова страница 12

СКАЧАТЬ мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру.

      Бағалы қағаздар нарығының қаржылық және баға тәуекелін сақтандыру немесе хеджирлеу қызметінің мәні – тәуекелді қайта бөлу болып табылады. Бұл қызмет туынды бағалы қағаздардың пайда болуына байланысты қолданысқа ене бастады. Осы қызметтің көмегімен бағалы қағаздар нарығы өзінің тұрақтылығын және мәнділігін ұлғайтты.

      3.2 Бағалы қағаздар нарығының құрамдас бөліктері

      Бағалы қағаздар нарығының құрылымы күрделі болып келеді. Бағалы қағаздар нарығының құрылымын жан-жақты қарастыруға болады. Сонымен, бағалы қағаздар нарығының құрамдас бөліктерінің қалыптасу негізі мынада: тек бағалы қағаздардың түрлерімен ғана шектелмейді, сонымен қатар сауда-саттықты ұйымдастыру тәсілдерімен де байланысты болады. Осы тұрғыдан алғанда бағалы қағаздар нарығының құрамдас бөліктері болып мыналар табылады:

      1. бағалы қағаздың айналым кезеңіне қарай: алғашқы және қайталама нарық;

      2. бағалы қағаздар нарығын реттеу деңгейіне қарай: ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарық;

      3. сауданы жүргізу орнына қарай: биржалық және биржадан тыс нарық;

      4. сауданы жүргізу тәсіліне қарай: дәстүрлі және компьютерлендірілген нарық;

      5. бағалы қағазбен жасалған мәміленің орындалу мерзіміне қарай: кассалық және мерзімді нарық.

      Алғашқы нарық – эмитенттің (андеррайтердің немесе эмиссиялық консорциумның) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруын білдіреді.

      Қайталама нарық – орналастырылған бағалы қағаздардың айналымы процесінде бағалы қағаздар нарығының субъектілері арасында қалыптасатын құқықтық қатынастарды білдіреді. Бұл нарықта бағалы қағаз иесінің меншік құқықтарының басқа тұлғаға өтуіне баланысты кез келген жиынтық операциялар орындалады.

      Ұйымдастырылған нарық – мәмілелер сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналым саласын білдіреді.

      Ұйымдастырылмаған нарық – бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын саласы.

      Биржалық нарық – бағалы қағаз саудасы қор биржасында жүргізіледі. Биржалық нарықтың мәні ұйымдастырылған нарыққа ұқсас болып келеді.

      Биржадан тыс нарық – ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарық ретінде болуы мүмкін. Нарықтық экономикада ұйымдастырылған нарық қор биржасы арқылы жүзеге асырылады. Ұйымдастырылмаған нарық биржадан тыс нарықта жүзеге асырылады.

      Дәстүрлі нарық – бағалы қағаздарды сатудың дәстүрлі нысаны, әдетте бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып алушылар нақты бір жерде кездесуі арқылы жүзеге асырылады. Сауда ашық және жабық нысанда жүргізіледі.

      Компьютерлендірліген нарық – компьютер желісін және қазіргі кезеңдегі байланыс құралдарын пайдалану негізінде, бағалы қағаздар саудасы әртүрлі нысанда жүргізіледі. Компьютерлендірілген СКАЧАТЬ