Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы. А. Турлыбекова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы - А. Турлыбекова страница 10

СКАЧАТЬ және орталық депозитарийге жібереді.

      Жарияланған акциялар шығарылымының жойылуына байланысты эмитенттің бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерін тіркеуді тоқтату тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

      Облигациялар шығарылымын жою туралы шешімді уәкілетті орган облигациялар шығарылымын жою туралы шешім қабылдаған эмитент органының шешімі негізінде осы шығарылымның бір де бір облигациясы орналастырылмаған жағдайда қабылдайды.

      Қайталама бағалы қағаздар нарығындағы эмиссиялық бағалы қағаздар айналымы кезеңінде эмитент Қазақстан Республикасының заңдарында және эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісінде белгіленген бағалы қағаздар бойынша кіріс төлеу тәртібін сақтауға міндетті.

      Облигациялар бойынша кіріс және облигациялардың нақты құны оларды өтеу кезінде осы төлемдер жүзеге асырылатын кезеңнің соңғы күнінің басындағы жағдай бойынша оларды алуға құқығы бар тұлғаларға төленеді.

      Эмиссиялық бағалы қағаздар және облигациялардың нақты құны бойынша кіріс төлеуді оларды өтеу кезінде эмитент дербес немесе төлем агенті көрсететін қызметті пайдалана отырып жүзеге асырады.

      Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу кезінде олардың нақты құнын төлеуді жүзеге асыру үшін төлем агентін сайлау туралы шешімді өз жарғысына сәйкес эмитент органы қабылдайды.

      Төлем агенті көрсететін қызметтерді пайдалану туралы шешім қабылданған жағдайда эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісінде төлем агенті туралы мынадай мәліметтер:

      1. төлем агентінің толық атауы;

      2. төлем агентінің және оның бағалы қағаздар бойынша кіріс (облигациялардың нақты құнын) төлеуді жүзеге асыратын барлық филиалдарының орналасқан жері, реквизиттері болуға тиіс.

      Төлем агенті өзгерген жағдайда эмитент эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісіне өзгерістер енгізуге және оларды тіркеу үшін осындай өзгеріс жасалған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті органға табыс етуге міндетті.

      Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кіріс және облигациялардың нақты құны оларды өтеу кезінде эмитенттің кінәсінен төленбеген, сондай-ақ толық төленбеген жағдайда эмитент бағалы қағаздарды ұстаушыларға негізгі міндеттеменің сомасын және мерзімі өткен әр күн үшін ақшалай міндеттемені немесе оның тиісті бөлігін орындау күніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми ставкасын негізге ала отырып есептелген өсімпұл төлеуге міндетті.

      Бақылау сұрақтары

      1. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарудың мәнін қалай түсінесіз?

      2. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісі дегеніміз не?

      3. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісінде көрсетілетін мәліметтерді атаңыз.

      4. Бағалы қағаздарды СКАЧАТЬ