Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы. А. Турлыбекова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы - А. Турлыбекова страница 3

СКАЧАТЬ өсуі.

      Екіншіден, құжатты бағалы қағаздарға қарағанда, құжатсыз нысанда шығарылатын бағалы қағаздармен есеп айырысу, оларды сақтау және есепке алу, сондай-ақ бір тұлғадан екінші бір тұлғаға өтуі (және тағы басқа жағдайларда) оңай әрі жылдам және аз шығындармен жүзеге асырылады.

      Үшіншіден, бағалы қағаз нарығы құрылымының өзгеруіне байланысты.

      Құжатты және құжатсыз нысанда шығарылатын бағалы қағаздар, бағалы қағаздың даму кезеңін білдіреді. Құжатсыз бағалы қағаз – бұл нақты қағаз жүзінде шығарылатын дәстүрлі бағалы қағаз, тіптен, қағаз болып табылмайтын, капитал иесінің есебі электрондық нысанда жүзеге асырылатын бағалы қағазды білдіреді.

      Бағалы қағаздың мерзімі екі аспектіде қарастырылады:

      1. Тарихи тұрғыда, яғни әрбір бағалы қағаздың өзінің шығу тарихы және нарықтық қатынастардың дамуына қарай өз рөлі болады. Осыған сәйкес бағалы қағаздың жаңа түрлері пайда болады.

      2. Бағалы қағаз айналымының мерзімі. Әрбір бағалы қағаздың өзінің айналымға шығару мерзімі, шарты болады. Бағалы қағаздың мерзімі эмитенттің қызмет ету мерзімімен тікелей байланысты. Эмитенттің қызмет ету мерзімімен байланысты бағалы қағаздарға акцияның барлық түрлері жатады.

      Нақты бағалы қағаздың мерзімі аяқталғаннан кейін немесе бағалы қағазды шығарған кәсіпорын таратылған жағдайда капитал өзінің соңғы иесіне қайтарылады. Қайтарылатын капиталдың көлемі, бағалы қағазды шығару барысында алдын ала қарастырылады немесе қалдық құны бойынша анықталады.

      Бағалы қағаздың иесі немесе өзінің капиталын оның титулына айырбастаған тұлға болады. Меншік құқығын беру тұрғысынан бағалы қағаз атаулы, мәлімдеуші және ордерлі болады.

      Бағалы қағаз бойынша құқықтарды беру ерекшеліктері мынада:

      1. ұсынушыға бағалы қағазбен куәландыратын құқықты басқа адамға беру үшін бағалы қағазды сол адамға тапсыру жеткілікті;

      2. атаулы бағалы қағаз бойынша құқықтарды басқа адамға берген кезде берілетін қағаз жойылады, ал оның жаңа иесіне басқа бағалы қағаз беріледі;

      3. ордерлік бағалы қағаз бойынша құқықтар – индоссамент арқылы беріледі. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқық беруші адам (индоссант) оның жүзеге асырылуы үшін де жауапты болады.

      Атаулы бағалы қағазға қарағанда мәлімдеуші бағалы қағаздың артықшылығы мынада: бұл бағалы қағаздың айналымы және есеп айырысу жылдамдығы өте жоғары; капиталға деген құқық бір тұлғадан екінші бір тұлғаға бағалы қағазды беру арқылы өтеді.

      Бағалы қағаз бойынша міндеті бар тұлғалар – эмитенттер болып табылады.

      Эмитент өзінің міндеті бойынша бағалы қағаз иелерінің алдында жауап береді.

      Бағалы қағаздың номиналы – бұл бағалы қағазды эмиссиялау барысында нақты бағалы қағазға бекітілетін ақшалай соманы білдіреді. Бағалы қағаздың номиналдық құны негізінде заңды тұлғаның капиталымен байланысты әртүрлі көрсеткіштер, сондай-ақ бағалы қағазға есептелетін табыс бекітіледі. Есептелетін табыстың екі нысаны бар: акция СКАЧАТЬ