Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы. А. Турлыбекова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы - А. Турлыбекова страница 6

СКАЧАТЬ style="font-size:15px;">      10. облигация ұстаушылардың өкілі туралы (инфрақұрылымдық, сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигациялар шығарған кезде);

      11. төлем агенті туралы;

      12. эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізімдері жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеуші туралы мәліметтер болуга тиіс.

      Акциялардың құнын айқындау әдістемесі, сондай-ақ эмитенттің (жаңадан құрылған эмитенттерді қоспағанда) соңғы екі қаржы жылындағы аудиторлық есептермен расталған қаржылық есептілік және эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеуге құжаттар беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есептілік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісі уәкілетті органға мемлекеттік және орыс тіліндерінде табыс етіледі.

      2.2 Бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу

      • Жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеу

      Шығарылған бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу туралы шешімді акционерлік қоғамның құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшысы) немесе акционерлердің жалпы жиналысы (дауыс беретін барлық акцияларды иеленуші акционер) қабылдайды.

      Құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының) немесе акционерлердің жалпы жиналысының жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы шешімінде:

      1. эмитенттің атауы және оның орналасқан жері көрсетіле отырып, құрылтай жиналысының өткізілетін орны мен күні;

      2. құрылтай жиналысына қатысқан құрылтайшылардың тізімі немесе акционерлік қоғамның акционерлердің жалпы жиналысына табыс етілген дауыс беруші акцияларының саны туралы мәліметтер;

      3. акциялардың түрлері және олардың жалпы саны;

      4. құрылтайшылар арасында орналастырылатын акциялардың саны және олардың акцияларды төлеу тәртібі;

      5. құрылтайшылар арасында орналастырылатын акциялардың нақты құны қамтылуы тиіс.

      Жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеу акционерлік қоғам табыс еткен мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

      1. еркін нысанда жазылған өтініш;

      2. құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшы шешімінің) жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы немесе акционерлердің жалпы жиналысының жарияланған акцияларды шығару проспектісіне өзгерістерді тіркеу туралы хаттамасының көшірмесі;

      3. акционерлік қоғам жарғысының көшірмесі;

      4. акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

      5. акционерлік қоғам статистикалық карточкасының көшірмесі;

      6. акциялар шығару проспектісінің екі данасы;

      7. акционерлік қоғамның құрылтайшылары арасында орналастырылатын жарияланған акциялар төленгенін растайтын құжаттар. Тапсырылатын құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келген СКАЧАТЬ