Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы. А. Турлыбекова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы - А. Турлыбекова страница 9

СКАЧАТЬ уәкілетті орган белгілеген мерзімде жоюға жәрдемдесетін барлық іс-әрекетті қолдануға міндетті. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды қайта жаңарту, анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін, уәкілетті органның жазбаша хабарламасы негізінде жүзеге асырылады.

      2.4 Эмиссиялық бағалы қағаздар айналымы

      Эмиссиялық бағалы қағаздардың қайталама бағалы қағаздар нарығындағы айналымы бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында осы бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасуы арқылы жүзеге асырылады.

      Уәкілетті орган:

      1. инвесторлардың эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуы процесінде олардың құқықтары мен мүдделерін;

      2. эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер жасасудың талаптары мен тәртібін белгілейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген талаптар бұзылған жағдайда, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімдері жүйесінде және (немесе) бағалы қағаздарды нақты ұстауды есепке алу жүйесінде барлық немесе жекелеген жеке шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздардың бәрін немесе бір бөлігін оқшаулау арқылы эмиссиялық бағалы қағаздар айналымын тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы.

      Эмиссиялық бағалы қағаздар айналымын тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган эмитентке және мәміле жасасуға қатысатын (қатысқан) тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқама жібереді. Аталған тұлғалар анықталған тәртіп бұзушылықтарды уәкілетті орган белгілеген мерзімде жоюға және нұсқаманың орындалғаны туралы не анықталған бұзушылықтарды жою мүмкін еместігі туралы уәкілетті органға жазбаша есеп беруге міндетті.

      Уәкілетті орган эмиссиялық бағалы қағаздар айналымын тоқтата тұру туралы шешімді эмитентке, тіркеушіге және орталық депозитарийге жібереді.

      Тіркеуші және орталық депозитарий уәкілетті органның эмиссиялық бағалы қағаздардың айналымын тоқтата тұру туралы хабарламасын алған кезден бастап бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімі жүйесіндегі және нақты ұстауды есепке алу жүйесіндегі айналымы тоқтатыла тұрған бағалы қағаздар мен мәмілелердің тіркелуін тоқтата тұруға міндетті.

      Нақты ұстаушы орталық депозитарийдің хабарламасын алған кезден бастап жиырма төрт сағаттың ішінде өзінің клиентін клиенттің нақты ұстауды есепке алу жүйесіндегі шоты бойынша бағалы қағаздармен мәміле жасасуын тіркеуді тоқтата тұруы туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

      Кемшіліктер жойылғаннан кейін бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімдері жүйесіндегі және бағалы қағаздарды нақты ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді қайта жаңғырту уәкілетті органның эмитентке, тіркеушіге және орталық депозитарийге бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді қайта жаңғырту туралы шешім қабылданған кезден бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жіберілген жазбаша СКАЧАТЬ