Сана болмысы. Ғарифолла Есім
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Сана болмысы - Ғарифолла Есім страница 13

Название: Сана болмысы

Автор: Ғарифолла Есім

Издательство: КазНУ

Жанр: Философия

Серия:

isbn: 9965-29-699-5

isbn:

СКАЧАТЬ 04.07.2008.

      ЭТНОС МӘДЕНИЕТI – ЕЛДIК МӘЙЕГI

      23 қазан айында Астанада өткен Қазақстан халқы ассемблеясының ХIV сессиясында сөйлеген сөзiнде Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысының мынандай қағидаларын тарқатып айтты, олар:

       Бiрiншi қағида – этностық, конфессиялық, мәдени және тiл ерекшелiктерi. Бұл елiмiздiң баға жетпес байлығы болып табылады. Елбасы бұған мысал ретiнде этномәдени бiрлестiктердiң саны өсiп, 621-ге жеткендiгiн, 46 этностың әрқайсысында орталықтар жұмыс iстейтiндiгiн, 1991 жылы елiмiздегi 700 дiни бiрлестiктiң қатары бүгiнде 4 мыңнан асқандығын келтiрдi.

       Екiншi қағида – Қазақстандағы этностардың мәдениетi мен тiлдерiн дамытуға мемлекет тарапынан барлық жағдайлардың жасалғандығы. Елбасының атап көрсеткенiндей, елiмiзде 11 тiлде газет-журнал шығады, 8 тiлде радиохабарлар таратылады, 7 тiлде телехабарлар көрсетiледi. Ұлттық тiлдерде жарық көретiн БАҚ-тардың жалпы таралымы 80 мың данадан асады. Үшiншi қағида – бiздiң ұлтымыздың толеранттылығы мен жауапкершiлiгi.

       Төртiншi қағида – қазақ этносының ынтымақтастықты нығайтудағы рөлi. Бұған байланысты Мемлекет басшысы өткен ғасырдың 40-шы жылдарында Қазақстан аумағына 1 миллион 200 мыңнан астам әртүрлi ұлттың қоныстанып, немiстерге, шешендерге, ингуштерге, корейлерге, гректерге, поляктарға және басқа да ұлт өкiлдерiне пана болғанын қадап айтты. Одан соң тың игеру басталды, дедi Елбасы. Қазақстанға КСРО-ның барлық республикаларынан 600 мыңнан астам адам келдi. Олардың 350 мыңы жастар едi. Солардың көпшiлiгi Қазақстанда тұрақтап қалып, осында өз Отанын тапты. Бесiншi қағида – Конституцияда атап айтылған: «ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы…», яғни Қазақстан халқының бiрлiгi» («Егемен Қазақстан» газетi. 24.10.2008.).

      Бұл ассамблея жұмысы туралы ғана толық сөз емес, Қазақстан қоғамы туралы түбегейлi сөз. Олай дейтiнiм, бiздiң елдегi саяси, әлеуметтiк және экономикалық тұрақтылық тек мемлекеттiк iс-шаралар негiзiнде ғана iске асып отырғаны жоқ, бұл мәселе қоғамға және өзге елдер тәжiрибесiнде жоқ ерекше саяси-мәдени институт халық ассамблеясының болуы және оның нәтижелi қызметiнде. Осы институтқа Президенттiң тiкелей басшылық жасауы Ассамблея жұмысына ғана емес, Қазақстан қоғамын кемелдендiру iсiне қарқын беруде. Көпшiлiкке белгiлi жай, мемлекеттiң берiктiгi қоғамға тiкелей байланысты. Азаматтары қоғам болып қалыптаспаған мемлекеттер елдiк келелi мәселелердi шешуде дәрменсiздiктерiн бiлдiрiп алып жатқанын, қазiргi заман бейнесiнен айқын көрудемiз. Бiр кезде айрандай ұйып отырған Грузия елi бiр-ақ күнде десе де болғандай, iргесi сөгiлiп, бiртұтас ел болудан қалып, одан Оңтүстiк Осетия мен Абхазия бөлiнiп шықты. Бұл – мемлекеттiң әлсiреуi. Мемлекеттiң территориялық тұтастығын сақтай алмауы, бүгiн болып отырған әлемдегi қаржы дағдарысынан әлдеқайда ауыр жағдай. Мұның түпкiлiктi себебi грузиялық қоғамының қалыптаспағандығы едi. Қоғамы қалыптаспаған мемлекет осындай халге түсе беретiнi тарихтан да белгiлi. Кешегi Югославия да СКАЧАТЬ