Сана болмысы. Ғарифолла Есім
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Сана болмысы - Ғарифолла Есім страница 15

Название: Сана болмысы

Автор: Ғарифолла Есім

Издательство: КазНУ

Жанр: Философия

Серия:

isbn: 9965-29-699-5

isbn:

СКАЧАТЬ мәдениетiн қалыптастыруда көп жағдайда мәселе мектепке тiреледi. Бәрi бiлiм мен тәрбиеден басталмақ, ол тағы да мектепке қатысты мәселе.

      Жасыратыны жоқ, бүгiнде қоғамда «қазақ тiлдiлер» және «орыс тiлдiлер» деген дилемма орныққан. Осы мәселе қоғамның бiрлiгiне, оның ру-хани, саяси өмiрiне керi әсерлерiн беруде. Ал қоғамдағы демографиялық үрдiске назар салсақ, қазақ этносы бүгiнде елiмiздiң халқының 58,6 пайызын құрайды, ал мектеп жасындағы, әсiресе бастауыш сыныптарындағы қазақ этносы балаларының саны алпыс пайызға жетiп қалды. Яғни, осы демографиялық үрдiс бiлiм беру жүйесiнде жаңа сапалық құрылымды қажет етедi. Бұл жерде менiң негiзгi көпшiлiкке жария етпекшi ойым, ол қазiргi Қазақстанда бар мектептердiң бiлiм беру стандартын және мазмұнын түбегейлi өзгерiске түсiру қажеттiлiгiне қатысты.

      Бiз қазақ ұлтынан тәуелсiздiктiң нәтижесiнде қазақ елiне айналдық. Ендi бiлiм беру жүйесiн де заманға сай нақтылауымыз керек. Бұл мәселедегi ұсыныс, өзге өркениеттi елдер сияқты бiрыңғай оқу стандартымен оқытылатын жаңа тұрпатты мектеп қалыптастыруымыз керек. Яғни, Қазақстан азаматтары балаларын этностарына қарамай бiр сыныпта, бiр мектепте оқытуы керек. Мұндай жағдайда қазiргi мектептердегi оқыту бағдарламалары, стандарттары, тәсiлдерi, жүйелерi, құндылықтары жаңа сападағы өзгерiске түспек. Мәселе түбегейлi шешiлуi үшiн бұл үрдiс мектеп жасына дейiнгi мекемелерден бастау алғаны жөн. Орыс балабақшасы, қазақ тiлiндегi балабақша орнына бiр тәрбие жүйесiне құрылған мемлекеттiк тiлде тәрбие жүргiзiлетiн балабақша болуы қажеттiлiк.

      Осындай жағдайды iске асырғанда қоғамдағы орыс тiлдер және қазақ тiлдер деген мәселе күн тәртiбiнен бiрте-бiрте азайып, келе-келе жойылмақ, жаңа қазақстандық азаматтарының жаңа психологиясы қалыптаспақ. Ендiгi жердегi мәселе бiз бiлiм беру жүйесiн 2010 жылы 12 жылдыққа өткiзбестен бұрын осы бiрыңғай жүйелi мектеп мәдени жобасын қоғамда талқыға салып, заңдастырып алғанымыз жөн. Негiзiнде, мұндай мектеп мәдени жобасы мен 12 жылдық бiлiм беру мәдени жобасы бiрге қарастырылып заңдастырылса iс табысты болар едi. Бұл екi жобаны екi бөлек қарастырсақ уақыттан ұтыламыз.

      Жаңа тұрпатты мектеп дегенде бiр үлгi боларлықтай жағдай, түрiк ағайындардың KATEV жүйесiндегi орта бiлiм беретiн оқу орындарындағы тәжiрибенi ес-керуге боларлық. Байқаймын, түрiк лицейлерiн тәмамдаған жастар қазақ, түрiк, орыс, ағылшын тiлдерiн еркiн меңгерiп шығуда, демек, елiмiзде мұндай үрдiс бар, нелiктен осы негiзде, мүмкiн одан да тұрақты бағдарлама туралы мамандар ойланбасқа? Осы мәселе туралы Елбасы Жолдауда: «… балабақшаға, ашылып жатқан қазақ мектептерiне барсақ, әр ұлттың, ұлыстың балалары оқып, әдемi ғана тiлдi үйренiп жатыр», – деген болатын.

      Мұндай мектепте қалай оқыту деген мәселе – әрине, мамандар үлесiндегi iс, менiң айтпағым, орыс тiлдi, қазақ тiлдi мектептер, сыныптар дегенiмiз өркениеттiк жатпайды. Әрине, қоғамдық iсте әрлi-берлi пiкiрлер болуы әбден орынды, себебi бұл психологиялық қалыптасып қалған дағдыны бұзу әлдекiмдердiң тiкелей кәсiбiне зиян болуы ықтимал, бiрақ көш тоқтамауы керек. Осындай тек бiртiлдiк негiзге құрылған СКАЧАТЬ