Сана болмысы. Ғарифолла Есім
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Сана болмысы - Ғарифолла Есім страница 8

Название: Сана болмысы

Автор: Ғарифолла Есім

Издательство: КазНУ

Жанр: Философия

Серия:

isbn: 9965-29-699-5

isbn:

СКАЧАТЬ Сондықтан пирамидалық ойлау жүйесi деген – тек дүниетаным ғана емес, басқару жүйесi болғаны тарихи деректермен анықталған шындық. Билiк мәселесiнде бiр шешiмге келу – қиынның-қиыны. Осы қиыншылықты ата-бабаларымыз пирамидалық ойлау негiзiнде шешкен.

      Пирамидалық ойлау жүйесiнiң нақтылы айта кететiн мынандай бiр мәнiсi бар. Бiз жоғарыда пирамида тұрақтылық символы дедiк, сонда оның табаны төрт бұрыш екенi айтылды. Төртбұрыш геометриялық фигура ретiнде берiктiлiктi бiлдiре алмайды, ол әлсiз, оны берiк ететiн келесi төрт бұрыш, сонда сегiз бұрышты фигура шықпақ, мұның берiктiлiгi сонда, оның әрбiр жағы үш бұрыштармен бекiтiлген. Қазақтың «сегiз қырлы, бiр сырлы» деген сөзi бар. Сонда халық ненi меңзеп айтып отыр. Сегiзқырлылық берiктiлiк, тұрақтылық – мәңгiлiктiң сипаттамасы. Әдетте бiз кейбiр адамды дәрiптегiмiз келгенде, ол «сегiз қырлы бiр сырлы» – деп, оның өнердiң әрбiр саласын басын шалғанды айтамыз, айталық, өзi әншi, күйшi, балуан. т. б., онымыз тұрмыстық түсiнiк, мәндi ұғым емес. Сегiз қырлылықтың мәнiсi – бiр шешiмнiң сегiз сипаттамасы болады деген сөз. Бiз мұны бүгiнгi саясаттануда плюрализм деп, оның саяси өрiсiн демократия деп атап жүрмiз. Бiр шешiмнiң сегiз қыры барлығын әркiм бiле бермейдi. Көбiнесе адамдар бiр шешiмге бiр-ақ қырмен келедi де тұйыққа тiреледi, қайғыға, тiптен қасiретке түсiп, басы айықпас дауға қалады. Мұны Иассауи, Абай сияқты хакiмдер надандық деп атаған. Надан адамның бiрбеткей келетiндерi де сондықтан. Дана адам бiр мәселенiң сегiз қырын сезгендiктен, тұйыққа тiрейтiн бастама жасамайды. Сонымен, айтарым, пирамиданың негiзi (табаны) – төрт бұрыш емес, сегiз қырлы. Оны пирамиданың iшкi құрылыс конструкциясынан анық аңғаруға болады, олай болмағанда пирамида берiк болмайды, мысалы, анығында Эйфель мұнарасы да – пирамида. Оның алғашқы қабаты – 129,2 м пирамида, одан шығарып екiншi алаңда екiншi пирамида мұнарасы (115,73 м) көтерiлген, бiр сөзбен айтқанда, берiктiлiк қажет болса пирамидалық конструкция қажет.

      Үшiншiден, пирамида – билiктiң символы. Қандай символ болмасын, ол билiкке қатысты. Билiк өз биiктiгiн символдар арқылы белгiлейдi. Биiктiкке құштарлық – билiктiң мақсатқа бағытталған арманы. Мысалы, әлемге өзiнiң аса қуатты мемлекет екенiн жария ету мақсатында АҚШ зәулiм («Статуя свободы») «Еркiндiк монументiн» орнатты. Оның биiктiгi – 93 м. Бұл монумент Нью-Йорк және Америка Құрама Штаттарының символы деп аталынады. Мақсатына сай тарихи аз мерзiм iшiнде «америкалық арман» АҚШ-ты әлемдегi ең қуатты мемлекет дәрежесiне жеткiздi. Биiктiктi аңсау арман қуатынан туындайды, осы сөзiме тағы бiр айғақты дәлел, Оңтүстiк-Шығыс Азиядағы күнi кеше ғана ағылшындар отаршылдығынан азат болған малай халқы, әлемдi таңдандырған жетiстiкке жеттi, олар бәсекеге қабiлеттi елдердiң iшiнде 20-орында. Осы «малай халқының тарихи жеңiске жетуiнiң сыры неде?» – деген сұраққа сол елде бiзбен бiрге болған Ресей экономистерi жауап таба алмады. Мен де ойландым, кешегi өзiмiздей, тiптен бiзден де ахуалы төмен малай халқының бүгiнгi тұрмысы шынында да таңқаларлық. Осы құпияның сырын атақты Петронас Егiз-мұнарасына және 420 метрлiк телемұнараға шығып, жан-жақты тамашалағанда СКАЧАТЬ