Сана болмысы. Ғарифолла Есім
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Сана болмысы - Ғарифолла Есім страница 17

Название: Сана болмысы

Автор: Ғарифолла Есім

Издательство: КазНУ

Жанр: Философия

Серия:

isbn: 9965-29-699-5

isbn:

СКАЧАТЬ астарында аса үлкен бiрiктiрушi, топтастырушы күш жатыр. Ерте замандардың өзiнде «егемен болмай ел болмас» деген бабаларымыз елдiкке шақыру, ел болуға үндеу арқылы мемлекеттiлiктiң берiк iргесiн қалап келген. Сонымен бiрге «Қазақстан» сөзiнiң өзi «Қазақ елi» дегендi бiлдiредi.

      Мына жайдың басын ашып айтқым келедi. Бұл ұғым әлi де теориялық тұрғыдан жан-жақты қаралуы, практикалық тұрғыдан тиянақталуы қажет («Егемен Қазақстан» газетi. 31.05.2008). Елбасының осы толғамында терең ойлар жатыр. Шынында да, қазаққа жақын ұғым – «ел». Ұлт деген – коммунистiк идеологиямен бiрге келген ұғым. Қазақтың байырғы лексикасында ұлт деген бiз қолданып жүрген мағынада сөз болмаған. Сондықтан Президенттiң «қазақстандық ұлт» дегеннен «қазақстандық ел» атағаны жөн тәрiздi дегенi, бiздiң қоғамдық санадағы дұрыс бағыт. Бүгiнде ресми аталуымыз Қазақстан болғандықтан «қазақстандық ел» деуiмiз заман шындығы, ал Президенттiң әрi қарай ой өрiсiнде айтқан «Қазақстан сөзiнiң өзi «Қазақ елi» дегендi бiлдiредi» дегенге назар салсақ, мәселе айқындала түспек, «қазақстандық ел» деудiң орнына өте әдемi әрi мәндi, терең әрi мағыналы «Қазақ елi» – деп айтсақ қандай ғанибет. «Қазақ елi» – бiз үшiн арман болған сөз. «Қалың елiм, қазағым, қайран жұртым» дегенде Абай осы күндi армандаудан айтты емес пе?! Қазақстанды қазақ елi деп атау ғасырлардан ғасырларға өтiп келе жатқан халқымыздың асқақ арманы. Өткен ғасыр басындағы Алаш азаматтары ел атануды саяси мақсат еткен.

      Президент осы айтылып отырған мәселенi теориялық тұрғыдан жан-жақты қаралуы, практикалық тұрғыдан тиянақталуы қажет деп отандық ғалымдардың алдында жаңа мiндет қойып отыр. Президентiмiз айтқандай, «ел» деген ұғымының астарында бiрiктiрушi, топтастырушы күш жатыр деген рас сөз, бiздiң санамызға болашақта ең сiңiстi ұғым «ел» болмақ. «Қазақ елi» монументi – соның кепiлi. Әрине, солай дегенмен қазақ елiнде қоян-қолтық бiрiгiп өмiр сүрiп жатқан өзге ағайындарды қалай атамақпыз? Жоғарыда айтқан этнос деген мәндi ұғымды қолданып, қазақ елiнде көптеген этнос өкiлдерi бейбiт түрде азаматтық негiзде өмiр сүруде деп мақтанышпен айтуға әбден болады емес пе?!

      Ұлт дегендi лениндiк ұлт саясатына қатысты ұғым екенiн мойындасақ, егемендiк жағдайында өзiмiз туралы қазақ ұлты демей, қазақ елi, қазақ халқы, қа-зақ этносы деген терең мазмұнды ұғымдарды қолдансақ, саяси лексикамыз заманға сай болмақ деген ойдамын. Сонымен бiрге қазiргi жағдайда қазақ тек этнос емес, азаматтық ұғымға ұласып бара жатқанын байыптап алғанымыз жөн. Өйткенi бүгiнде, құдайға шүкiр, елiмiзге өзiмiз иемiз. Сондықтан қазақ елiнiң азаматтарының бәрi келешекте «қазақ» болып аталмақ, әрине, бұған да белгiлi уақыт керек шығар, бiрақ қазақ елiнде ғұмыр кешiп жатқандарды кiм демекпiз? Мысалы, шетелге бiздiң елден iссапармен және басқа да жағдаймен барғанның бәрiн «қазақтар» дейдi. Сондықтан әлемдiк дәстүрге бой ұсынсақ, қазақ елi-нiң азаматтарының қазақ атануы таң қалатын iс емес.

      «Қазақ елi» монументiнiң алдында тұрғанда қазақ мәселесi ойға орала беретiнi табиғи жағдай. Бұл монументтiң тәрбиелiк, тағылымдық мәнi зор және әрбiр қазақты тек бүгiнгi СКАЧАТЬ