Сана болмысы. Ғарифолла Есім
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Сана болмысы - Ғарифолла Есім страница 12

Название: Сана болмысы

Автор: Ғарифолла Есім

Издательство: КазНУ

Жанр: Философия

Серия:

isbn: 9965-29-699-5

isbn:

СКАЧАТЬ осылай атай бастауы табиғи үрдiс демекпiн.

      «Қазақ елi» монументiнiң алдында тұрғанда қазақ мәселесi ойға орала беретiнi табиғи жағдай. Бұл монументтiң тәрбиелiк, тағылымдық мәнi зор және әрбiр қазақты тек бүгiнгi күн емес, болашақ туралы ойлантуы заңды. «Қазақ елi» монументi өткен күндi көз алдымызға елестетумен бiрге келешек туралы ой қозғайды. Алға басу үшiн жол керек, ол қандай жол дегенде Президент атап айтқан «қазақстандық жол» дегендi айтпақпын. Бiрақ бұл жолдың мазмұны неде? Кешегi күнi социализм жағдайында өмiр кештiк, бүгiнде капитализмге ұқсас қоғам құрудамыз. Менiң айтарым, бiздiң елдiң жүретiн жолы социализм де, капитализм де емес, жаңа жол болуы керек. Ол үшiн кезiндегi Жапонияның, бүгiнгi Финляндия елiнiң тәжiрибесiн ескерген жөн. Бұл жерде басты мәселе, орта бизнеспен алпауыттар алшақ болмауы керек. Олигархиялық байлыққа тежеу салық арқылы реттелуi қажет. Олигархтық мәндегi капитализм жақсылыққа бастамақ емес, Елбасы қымбат автокөлiк, аса бағалы тұрғын жайы барларға салық мөлшерi де соған сай болуы керек деген ойды үнемi бiлдiруде. Бiздiң қоғамның мақсаты – ұсақ және орта бизнестi мейлiнше жетiлдiру. Ойлаймын, қазiргi ипотека дағдарысына қатысты елiмiзде жүрiп жатқан қаражат ресурстарының реттелуi, негiзiнен, қашан болмасын болуға қажеттi шаралар едi. Бүгiнде әр нәрсенiң нақты құны анықталуда. Мұны бiр десек, екiншiден, кезiнде социализм капитализмнiң әлсiздiгiнен шыққанын мойындауымыз керек. Егер капитализм қуатты болса, социализм дүниеге келмес едi. Капитализмнiң әлеуметтiк жүйесi әлсiз болды, пайда табу iсiне жерiк болғанымен, ол әлеуметтiк мәселенi шешуде дәрменсiздiк танытты. Социализмнен шыққан бiз тәрiздi елдер осы тұрғыдан келгенде, жетiлген деген капиталистiк елдерден әлеуметтiк мәселелерде алда екендiгiмiздi ұмытпауымыз қажет. Социализм кезiнде бiлiм, денсаулық және әлеуметтiк салада тиiмдi халықтық жүйе қалыптасты. Социализмнiң осы дәстүрiн нарықтық қатынастармен қалайша үйлестiрсек екен деген ой менi кейiнгi кезде мазалауда. Бiзге таза капитализм де, таза социализм де емес, орта жол керек сияқты. Қысқа болса да өткен тарихымызды бағамдап отырсақ, өкiнiшке қарай, бiз нарықтық қатынас қолға алына бастағанда тек пайда табу жағына қарай ойысып кеттiк.

      Бұл да – капитализмнiң алғашқы қадамдарында болатын құбылыс. Ендi ес жинаған кезде ойланатын мезгiл жеттi. Қоғамға жаңа мазмұндағы идеологиялық ұстаным қажет. Бұл – бiр кеңiнен ойланатын мәселе. Әрине, бұл тұста қоғам өмiрiндегi партиялар жүйесiнiң қызметiне жүк артуға да болар едi, қазiргi «Нұр-Отан» партиясының аяқ алысы тым тәуiр. Алайда есте болатын жай, партиялар – билiкке қатысты өз қызметiн күшейтетiн феномен. Ал қоғамда бiртектi, үздiксiз, жүйелi түрде билiк үшiн емес, мәдени, өркениеттiк негiздерде жүргiзiлетiн идеология қажет. Осы тұста бұл қызметтi «Мәдени мұра» бағдарламасы атқаруда, бiрақ оның жалпы Қазақстан халқына түгел дерлiк жететiн технологиясы қалыптаспай отыр, ол iс мемлекеттiк тұрғыдағы идеологиялық жүйенi қажет етпек. Бүгiнде қоғамдағы нарықтық қатынастар туғызып отырған психология, мiнез мемлекеттiк мүддеге сай сана қалыптастыруда қандай рөл атқаруда? СКАЧАТЬ