Название: Шежірем сыр шертсе
Автор: Тажис Мынжасар
Издательство: SelfPub.ru
Жанр: История
isbn:
isbn:
Әлімұлы
дегеніміз бірлестікке лақап аттарымен кірген төмендегі ру-тайпалар:
1.Қаракесек
2.Төртқара
3.Қарасақал
4.Шекті
5.Кете
6.Шөмекей
Бірақ осы жерде басын ашып айта кететін бір жайт бар. Алты ата Әлім құрамы сандық жағынан өзгермегендігімен ондағы аталар аттарын кейбір шежірешілер кейде әртүрлі етіп беріп жүр. Мәселен сыр ақыны Әлиакбар Жұматайұлы «Шежіре өлеңінде» бесінші етіп Шіңгір аталығын, ал Хамит Маданов «Кіші жүз шежіресінде» алтыншы етіп Кенжебай (Құлтелі) аталығы ауызға алады. Сөйтіп одан Мамат, Түйте тарайды деп көрсетеді (Кіші жүз шежіресі. Атамұра–Қазақстан. Алматы. 1994 ж. Алты ата Әлім. 119 б.). Айтпағымыз, бұл қателік емес. Олардың бұлай жазуының өзіндік себебі бар. Бұл–Айнықтың тым ерте қайтыс болуы мен Тайқожаның ақкете болып, кетелер құрамына өтіп кетуіне орай Алты ата Әлім аталары өз санын кемітіп алғысы келмей, кеткендердің орнын өзіндегі өзге өскен буындармен толықтырып отырғандығынан демекпіз. Мәселен, Шіңгір Тегінболаттың ұлы. Ал Кенжебай болса, өзге біреу емес, Құлтелі деген лақап атпен берілген Тайқожаның ұлы дегіміз келеді. Өйткені Хамит Маданов Тайқожаның Қараш ұлынан тарайтын Мамат, Түйте ұрпақтарын осы Кенжебайдан (Құлтеліден) таратуы тегін емес. Біздіңше, Кенжебайдың өзі де лақап ат. Ол Тайқожаның Тұрсынбайдан кейінгі ұлы Қарашқа кенжелігіне орай осылай еркелетіп қойылған есім, Х.Маданов соны біліп, жазып отыр деп шамалаймыз. Кенжебай (Құлтелі) есімі тек бір соның шежіресінде айтылуы осы ойымызды қуаттай түседі. (Кіші жүз шежіресі. Атамұра. Қазақстан. Алматы. 1994 ж. Алты ата Әлім. 160 б.). Сонымен Кенжебай (Құлтелі) өзге, бөлек аталық емес, ол Қараш аталығы, соның лақап аты дегіміз келеді. М.Неталиевтің: «Тайқожаны бір автор Құлтелі деп атапты»,– деген сөздері де бұл екі аталықтың арасында біз тұспалдағандай өте тығыз байланыстың бар екендігін аңғартады («Атамекен». 08.03.2002 ж. 5 б. «3. Алты аталы Әлім», 4-бағана). Оның бір автор деп отырғаны осы Х.Маданов болмаса екен деп ойлаймыз. Мұның бәрі, әрине, тереңірек зерттеуді талап ететін ұстам, деректер.
Осы ретте, қайран шежірешілер жазған кезде Алты ата Әлімнің өз сандарын кемітіп алмау үшін саптарына Айнықтың орнына Тегінболаттың ұлы Шіңгірді, ал Тайқожаның орнына оның ұлы Қарашты кіргізгендерін жұмбақтамай, неге бірден басын ашып, кесіп, ескертіп айтпайды екен деп толғанасыз. Сондықтан біз Алты ата Әлім кестесінің жоғарыда келтірген алғашқы ұстамын да, оның өмір ағымына сай өзгеріп кеткен кейінгі балама ұстамын да қатеге санамай, басшылыққа алу керектігін ескерткіміз келеді.
«Әлімұлы» туралы әңгімемізді әрі қарай осы ру-тайпалар бірлестігіне аты берілген Әлім баба мен оның ата-тегі кімдер деген сауалмен жалғастырғымыз келеді. Бұған жауапты ақын, сыншы, аудармашы, шежіре зерттеуші Мақсұт Неталиевтің 2002 жылдың 8 наурызында «Атамекен» газетінің 5-бетінде жарияланған «Кіші жүздің шежіресі» СКАЧАТЬ