Название: Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір
Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0597-4
isbn:
Ол көптеген шәкірт дайындады. Шетелдерде шынайы ғылымның туын жоғары ұстаудың мәртебелі өнегесін көрсеткен ғалым болатын. Одан әсер алған ізбасарлары күні бүгінге дейін ғылымдағы адалдықтың, іздене білудің тамаша үлгісін тұтынады. Түркі филологиясында ол көрсеткен нұсқалы жол ұстаз-ғалымның шаң баспас алтын соқпағындай жарқырап жатады.
Түркі филологиясының көрнекті қайраткерлері салған жолдан қия кетпей, ұстаздар өнегесіндегі адалдық пен ғылымға шын берілгендіктің тамаша қасиеттерін көрсете алсақ нұр үстіне нұр. Ал ғылымды, оның жолын қастерлеу бұл саладағы әрбір ізденушінің абыройы, адамгершілік борышы деп білейік.
Алматы соңғы кездерде шығыстану мен түркологияның үлкен орталықтарының біріне айналуда. Оның жарқын айғағы 1984 жылы Алматыда Қазақстан шығыстанушылар қоғамының құрылуы – бізге жасалған үлкен үміт, зор сенім. Жаңа ғылыми бірлестіктің басшылары сайланды: Рамазан Сүлейменов (төраға), Алтай Аманжолов (төраға орынбасары), Әбсаттар Дербісәлі, Меруерт Әбусейітова (ғалым-хатшы). Міне, осыдан бастап Қазақстандағы шығыстану ғылымының жаңа кезеңі басталды. Ал 1985 жылдың күзінде ЮНЕСКО тарапынан ұйымдастырылған «Орталық Азиядағы мәдени-тарихи процестер» деген тақырыптағы халықаралық конференцияның Алматыда өтіп, оның қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың мерекесіне арналуының әлемдік мәні зор болды. Сонымен қатар 1990 жылдың жазында Алматыда өткен «Көне түркі руникалық ескерткіштері» тақырыбына арналған халықаралық конференция мақсатына жетті. Мұнда танымал түрік және қазақ ғалымдары алғаш рет емін-еркін кездесіп, маңызды мәселелер бойынша ашық пікір алысты. Бұл талпыныстар нәтижесінде, бір жағынан, еліміздегі ғалымдарға ерекше жауапкершілік артса, екінші жағынан, отандық ғылымның мәртебелі абыройы мен беделін көтерудегі орны ерекше еді. Дәлірек айтқанда, республикамыздағы түркітану зерттеулерін жаңа белеске көтеріп, бұл саладағы жаңа қадамдар жасауына сенім артып, оның нығая беруіне үміт көзімен қарау бәрімізді де жаңа ізденістерге ұмтылдыруда.
Қазіргі ғалымға қойылатын талап, ең алдымен, соңына түскен ғылым саласын терең біліп, жан-тәнімен соған берілуі, оны мақтан тұтып, сол саланың абырой-ұжданы болған көрнекті ұстаз-ғалымдардың өмірі мен шығармашылық еңбек жолын жете СКАЧАТЬ