Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір - Коллектив авторов страница 12

СКАЧАТЬ бастығы Нұрбек Әбікенұлы баспаның атқарып жатқан игі істерімен таныстырды. Редакция қызметкерлері үшін «Түркі филологиясының даму мәселелері» деген тақырыпта баяндама оқыдым. Онда журналистер және баспа қызметкерлері, т.б. мамандар қатысып, қазақ әдеби тілі және оның жазба дәстүрі жөніндегі бірсыпыра сұрақтарға жауап беріп, осы салада біраз пікір алыстық. Ойлап қарасам, осы бір кездесуде шынайы достықтың рухы байқалып, шын ынтымақтастықтың нышаны сезіліп, бәріміз бірдей мәдени байланыс жалғаса берсе екен деген ниетте болдық. Сол бір игі ниеттестіктің белгісі үшін өздері шығарған бірнеше кітапты сыйға ұсынды. Солардың ішінде ерекше көңіл аударарлықтай мынадай кітаптарды атап айтуға болады:

      «Түркі тілдерін зерттеу» (мақалалар жинағы). Пекин, 1983.

      «Қазақ қиссалары», 6 том. Пекин, 1986-1987.

      Абылаш Қасымбекұлы, Нұрбек Әбікенұлы. «Қазақ тілі тұрақ- ты сөз тіркестерінің түсіндірме сөздігі». Пекин, 1982.

      «Түрки тиллэр татқиқати», 2 том. Пекин, 1982-1983 (ұйғыр тілінде).

      «Тіл ғылымынан жалпы шолу». Пекин, 1986. Ханзушадан аударғандар: Мәкен Кәкенұлы, Мұқатай Орынбайқызы.

      Көне түркі жазу ескерткіштеріне арналған «Бабалар сөзі» атты кітабымыз (мақалалар жинағы) осы кездесудің нәтижесінде, 1988 жылы Пекинде «Ұлттар» баспасында шықты.

      Орталық ұлттар институтындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, дағұр жігіті Чүн Ин жөнінде айтқанымыз артық болмас. Мамандығымыз бен зерттеу объектіміздің ұқсастығы болар, біз бірден тіл табысып кеттік. Өйткені оны көне жазу, лингвистикалық терминдердің тарихы, қазақ тілінің грамматикасы сияқты көптеген проблемалар қызықтырады екен. Оның үстіне Чүн Ин қазақ тіліне деген зеректігімен ғана тынбай, осы тілде ойлы да мәнерлі сөйлеуге әбден дағдыланғандығы да таңдаңдырады. Әсіресе, оның тілге деген әдепті әрекеті, биязы мінезі, инабаттылығы, зерттеушіге тән өнегелі қылықтары бізге ерекше көрінді.

      Пекиндегі ғалымдармен кездескенімізде Іле-Қазақ автономиялы облысының екі жерінен көне түркі руникалық жазу ескерткішінің табылғанын зор қуанышпен естідім. Олардың айтуынша, Алтай аймағынан қытайша және көне түркіше жазуы бар үлкен құлпытас, ал Іле аймағынан сыртына руникалық жазу ойылған қола бұйым табылған көрінеді. Ол Құлжадағы мұражайға тапсырылды деседі. Көне түркі тілі мен жазуының маманы болғандықтан, осы сияқты жазу ескерткіштерін көзбен көріп, жан-жақты тексеріп, зерттеу нәтижесін жарияласам ба екен деп үміттендім.

      Пекин университетіне ғылыми сапармен келген мен Шыңжаң университеті мен Шыңжаң Қоғамдық ғылымдар академиясына жолдама алып, жүрдек пойызбен үш күнде Пекиннен Үрімжі қаласына жеттім. Ондағы ғалымдармен, педагог-ұстаздармен, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы районның үкімет жанындағы қызметкерлерімен кездескенімде осы ниетімді ашықтан-ашық айтып, қолғабыс жасауларын өтінген едім. Өкінішке орай, екі елдің арасындағы қарым-қатынастың ескілік СКАЧАТЬ