Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір - Коллектив авторов страница 13

СКАЧАТЬ түркі тілінен» он шақты дәріс оқып шықтым. Ал үшінші ғылыми сапарым 1991 жылы жүзеге асты.

      1991 жылдың қазан айында башқұрт халқы көрнекті ғалым, марқұм Жәлил Ғинаятұлы Киекбаевтың туғанына 80 жыл толуын салтанатпен атап өтті. Ғалымның туған жері – республикадағы Ғафури ауданында мереке өткізілді, жергілікті «Табын» газеті даңқты жерлесіне нөмір арнады (ауданында, негізінен, башқұрттың іргелі табын тайпасына жататындар тұрады). Соңынан Уфадағы Башқұрт мемлекеттік университетінде «Профессор Ж. Киекбаев және алтаистика проблемалары» атты ғылыми конференция өтті. Оған жер-жерден – Қырғызстан, Қалмақстан, Әзербайжан, Татарстаннан және т.б. өңірлерден қонақтар келді. Қазақстаннан мен қатыстым.

      Жәлил Киекбаев, шын мәнінде, «біртуар» деген теңеуге әбден лайық, кейінгіге ғылыми еңбегімен ғана емес, өмірімен де үлгі болатын дарынды да жан-жақты ғалым еді. Ол – башқұрт тіл білімінің негізін салушылардың бірі. Базалық білімді герман тілдері бойынша алған ол – неміс, ағылшын, француз, венгр, түрік һәм негізгі түркі, алтай тілдерін еркін білген. Біліп қана қоймай, славистика және, әрине, башқұрт тіл білімі, тарихы бойынша іргелі ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізген. Контрастивтік лингвистика деп аталатын бұл саладағы ғалым еңбегі айрықша. Ол бірінші болып башқұрт тілінің лексикалық жүйесін ауқымды зерттеді, фонетика саласына да кесек үлес қосты. Сондай-ақ башқұрт жазба әдеби тілі, стилистика, фразеология, лексикографиясының көптеген толғақты мәселелерінің алғаш қарастырылуының да тарихы Ж. Киекбаев есімімен байланысты.

      Алпысыншы жылдары ғалым алғашқылардың қатарында орал-алтай тілдерінің генетикалық байланысы проблемасымен білек сыбана айналысты. Киекбаев талдап жасаған белгілілік және белгісіздік теориясы туыстас тілдердің грамматикалық формаларының шығу тегі мәселесіне арналған. Қараңыз: Киекбаев Дж. Г. О происхождении некоторых падежных форм в урало-алтайских языках в свете теории определенности-неопределенности. «Вопросы методологии и методики лингвистических исследований», Уфа, 1966, с. 175-190; Введение в урало-алтайское языкознание. Уфа, 1972.

      Кезінде әкем Сәрсен Аманжолов пен Жәлил Киекбаев тығыз байланыста болған. Оның әкеме жазған екі хаты әулетіміздің мұрағатында сақтаулы.

      Қазір былайғы жұртшылықты айтпағанда, ғалымдарымыздың да көпшілігі түркітілдес халықтар біздің заманымыздың 1-мыңжылдығы ортасында пайда болды деген пікірді малданып жүр ғой. Алғаш осынау даулы пікірді бекерге шығарған да Ж. Киекбаев. Ол, негізінен, тілдік жадығаттарға сүйене отырып, көне башқұрт тайпалары Орхон-Енисей жазба мұраларын жасаушылармен этнотілдік байланыста болғаны, осыдан 4000- 3500 жыл бұрын бұл ортадан қол үзуге мәжбүр болғаннан кейін әлгі ерекшеліктерді таулы-орманды Орал жағдайында сақтап қалғандары жайында ой айтты. Бұл болжамның дұрыстығын соңғы лингвистикалық, антропологиялық, этнографиялық һәм археологиялық ізденіс олжалары дәлелдеп беріп отыр.

      Одақтағы түркі халықтарының ғасыр басындағы СКАЧАТЬ