Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір - Коллектив авторов страница 14

СКАЧАТЬ өзге тілдер ықпалын тек алтай, орал-алтай топтары ғана емес, үндіеуропа, қытай, палеоазиат, кавказ, шумер тілдік топтары аясында зерттеу жөніндегі ұсынысы да ой салды. Менің баяндамам да, негізінен, осы өреде, яғни түркі тілдерінің үндіеуропа тілдерімен ежелгі генетикалық, типологиялық байланыстарына арналған.

      М. Зәкиев жалпытүркілік тарихи грамматика жасау жөніндегі проблемалық топ құруды да ұсынды. Бірақ бұл конференцияда емес, неғұрлым жоғары деңгейде шешілуі тиіс деп ойлаймын.

      Ал нақты шешімдерге келетін болсақ, конференция Башқұрт мемлекеттік университетіне Жәлил Киекбаев есімін беруді сұраған шешім қабылдады.

      Қазақ жұртшылығы бауырлас халықтардың тарихын, бүгінгі қам-қарекетін жан-жақты білуге құштар. Өкінішке орай, Қазақстанның ұлттық кітапханасы да, академиялық кітапханасы да Башқұртстан, Татарстанның Ұлттық басылымдарының міндетті даналарын алмайды.

      Кейінгі өзгерістерден көбірек білетінім – өз ортам, ғылым төңірегі. Бұрын КСРО Ғылым академиясы Орал бөлімшесінің филиалы болып келген Башқұртстанның бас ғылыми ордасы енді өз алдына республикалық академия болды. Оның Тарих, тіл және әдебиет институтына башқұрт халқының мәшһүр ғалымы, мемлекет қайраткері Зәки Уәлиди Тоғанның есімін беру сұралды. Башқұртстан Республикасының Ұлттық кітапханасына осы ғалымның есімі берілді.

      1992 жылдан бері жыл сайын халықаралық «Уәлиди оқулары» тұрақты түрде өткізіліп келеді.

      Башқұрттар үшін бүгінгі таңда туған тілді мемлекеттік дәрежеге көтеруден ауыр да зәру мәселе болмай отыр. Өйткені олар өз жерінде аз – тұрғын халықтың жиырма төрт пайызын ғана құрайды. Жиырма бес пайыз татарлар тұрады, қалған басым көпшілігі – славян тектілер. Мұндай демографиялық ахуалда тілге мемлекеттік мәртебе беру аса қиынға соғарын өз тәжірибемізден де көрдік қой. Айдынды да айбарлы тілге ие башқұрт бауырлардың болашаққа күдікпен де, үмітпен де қарап отырған жайы бар. Мұндай кездерде халықаралық норма үстемдігін енгізудің де артықшылығы болмас еді. Үміттің бір ұшы, әрине, бізге артулы.

      Күрделі жағдайда этникалық санасын жоғалтып алмаған осынау халық бізге, қазақтарға келгенде, ерекше ілтипат көрсетеді, ағаш уықты, киіз туырлықты бір елміз деп арқа тұтады. Біздің егемендік қадамдарымызға өзімізден кем қуанбайды. Жәлил Киекбаев тойы үстінде осы сезімді башқұрттың белгілі қобайыршы қызы Розалия Сәлемгереева маған өлең жолдарымен білдірді.

      Қазағстан иле минең

      өсөн ярты бауырым,

      думбрамдың бер қылы.

      Көбайларымдың бер һузе,

      иманымдың бер тамыры.

      Исән булһын илең,

      Исән булһын башқорт иле. -

      Исән булһын қазақ иле, -

      Бөтөн булыр шәрек курке

      Ике ил исәнлеге -

      Матурлик именлеге (тыныштығы).

      Міне, башқұрт бауырлардың біздер жаққа осылай елеңдеген сыңайы бар.

Аманжолов С. Түркі филологиясының СКАЧАТЬ