Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір - Коллектив авторов страница 18

СКАЧАТЬ («арийлік») тілдес халықтарға тарихи жақындығы (ортақтығы) туралы пікірге сын көзбен қарауымыз жөн.

      Неге десеңіз, бұл аймақта ірге тепкен ежелгі тұрғындар (автохтондар) үнді-иран тілінде сөйлепті-міс деген тұжырымды айқындарлық көңіл тұшытарлық тілдік айғақ, дәлелге медеу боларлық тілдік фактінің жоқ екені белгілі. Қайта, ондай жорамалдардың үнін өшіріп, адымын аттатпайтын деректер сыры сақ қорғандарында атой салып жатқандығын бүркеудің өзі қиын. Өйткені сақ қорғанынан табылған жазулар көне түркі руникалық алфавитімен төркіндес, онымен негіздес екені айқындала бастағаны көпке аян. Ертіс, Іле бойларынан табылған ең көне түркі жазулары жөнінде тиісті ғылыми баспаларда дер кезінде талдау жасап, пікір айтқанымыз жұртқа белгілі.

      Өзгені былай қойғанда, әлі күнге сақ атауының шығу тегі айқындалған жоқ. Бұл сөз көне парсы сына жазуларындағы мәтіндерде сака, ал қытай жылнамаларында сак – сә түрінде келеді. Атақты иранист ғалым Г. Бэйлидің соңғы кезде мойындағанындай, сақ тайпалық атауының өзі үнді-иран тілдеріне қатысты деген болжамдардың сәтсіз екені және ол жорамалдардың ешбір сын көтермейтіндігі айқын болып отыр (ВАІLЕҮ Н.W. Languages of the Saka. – «Наndbuсһ der Огіеntalistiк», IV, 1, Leiden-Кöln, 1958, р. 133).

      Көне қытай жазба деректеріне сүйенсек, біздің заманымызға дейінгі III-I ғасырларда бұрынғы сақтар қоныстанған атыраптарда көшпелі усунъ (үйсін), кангюй (қаңлы), юэчжи тайпалық одақтарының мекен еткендігі айтылады. Ал бұлардың тілдері жөніндегі әңгіме өз алдына дербес мәселе.

      Усунь еліндегі хандық әулеттің бірнеше ғасырлық мерзімін артқа тастап, олардың кейінгі мирасқорлары түркітілдес тайпалардың басын біріктіріп, біздің заманның VI-VIII ғасырларында көне түркі қағанатына билік жүргізген ашина түркілерімен сабақтастығын айқындайтын деректер қытай жылнамаларында кездеседі. Біздің болжауымызша, усунь этнониміндегі ус түбірін көне түркінің ус немесе ас сөзімен салыстыруға болады. Бұл сөздердің мағынасы Махмұд Қашғаридің сөздігінде «күшіген, бүркіт» деп берілген. Ал VIII ғасырдағы Тунйуқуқ ескерткішінде кездескен түрк есір бодун – «түркі бүркіт халқы» деген тіркес (мұндағы есір сөзі тува тіліндегі әзир – «бүркіт» сөзімен төркіндес) ашина түркілерінің, яғни билеуші тайпаның баламасы ретінде қолданылған деп шамалауға болады. Сонымен бірге Күлтегін ханзада кешеніне қойылған мәрмәрдан қашалған мүсіндегі кертпе тәждің маңдайшасында бейнеленген бүркіт кескініне бере қарасақ, біршама толғаныстар туғызуымен қатар, жоғарыдағы болжауларды дәлелдерлік тірек те, дерек те табамыз.

      Осыған орай түрк (түрік, түркі) сөзінің мағынасы жөнінде айтар болсақ, ол түркі қағанатының аты, этникалық термин болуымен қатар, өзінің негізгі байырғы «күшті, қуатты» деген мағынасын да көне ұйғыр жазба ескерткіштерінде сақтаған (Nemeth J. Der Volksname Türk – «Коrosi Сзоmа-Аrchivum», II, 4, 1926, S. 275.).

      Махмұд Қашғаридің сөздігінде түрк йігіт деген тіркес «кәмелетке толған, сақа жігіт» мағынасын береді. Ал қазіргі қырғыз тілінде түрк сөзі «ірі, СКАЧАТЬ