Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір - Коллектив авторов страница 16

СКАЧАТЬ жігітіне жолығып қап, қазақша тіл қатып ем, ол қазақша түсінбейтінін орысша білдірді. Мен одан орыс тілінде қалай сауда жасап тұрғанын сұрап едім, ол түрікше аздап білетінін айтты. «Бауырым-ау, – дедім мен, – қазақша білсең, түрікше үйрену түкке тұрмайды ғой». Оның сондағы жауабы мынау: «Алдымен түрікше үйреніп алайын, содан кейін, қажет болса, қазақша үйрене жатармын».

      Міне, біздің осындағы «мәңгүрттік» деп жүргеніміз шұлғаудай сүйретіліп шетелге де барыпты.

      Түркиядағы қазақтардың жағдайын айтсақ, Анкарада, Стамбұлда үш-төрт қазақтың үйінде қонақта болдым. Тұрмыстары әртүрлі, көпшілігі тері өңдеумен, сауда-саттықпен айналысады. Халыққа сыйлы. Үй-іштерінде таза қазақша сөйлеседі. Әрине, балаларының тілінде көптеген түрік акценті байқалады. Олар шетел тілдерін жақсы меңгерген. Оның себебі – көрші елдермен ауыл-үйдің араласқанындай қарым-қатынас жасап тұрады.

      Түркия – даму үстіндегі ел. Ғылымның дамуы жөнінде айтар болсақ, Түркияда, негізінен, гуманитарлық ғылымдар өте жақсы дамыған деуге болады. Тіл, тарих, этнографияны зерттеу өте жақсы жолға қойылған. Бұған Батыстың да әсері жоқ емес. Ал енді техникалық ғылымдардың дамуы өте баяу. Озық ғалымдар, дайын кадрлар жеткіліксіз. Физика, химия, медицина ғылымдарымен айналысатын ғалымдардың көбі – шетелдіктер. Техникалық ғылымдар саласында, әсіресе Әзербайжаннан келген ғалымдар көп. Түркияда өзінің төл ғалымдары тым азшылық болғанымен, техникалық жабдықтау жағы өте жақсы.

      Түркияда өткен халықаралық ғылыми басқосуларға кезінде қатыса алмай өкінгенім болмаса, оның есесіне сол жақта жүргенімде бірнеше үлкен жиындарға қатысып үлгердім. Менің көп біліп, көп үйренуіме де әсер еткен осындай басқосулар болды. Түркияда өткен бір жылымда дүниежүзілік дәрежедегі үш құрылтайға қатысып, көптеген әлем ғалымдарымен таныстым, достастым. Баяндамалар жасап, оны өз әріптестеріме талқылату бақытына ие болдым. Мәселен, 1993 жылғы қыркүйек айында Анкара қаласында өткен түркі тілдерінің емле, жазу мәселелеріне арналған түркітану құрылтайында «Қазақ тілінің алфавиттері» деп аталатын баяндама жасадым. Бұл құрылтайға біздің Қазақстаннан да үш атақты ғалым қатысты. Олар – Шора Сарыбаев, Нұржамал Оралбаева, Рабиға Сыздықова.

      Құрылтайдың ашылуында түркі тілдерінің бірлігі, ортақтығы туралы айтылып, түркі дүниесі түркі тілдерінен тұратындықтан, келешекте бір әдеби тіл жасауымыз керек, ортақ латын алфавитіне көшуіміз керек деген ойлар ортаға тасталды. Бұл жөнінде бірталай талас пікірлер туды. Мәселен, енді бір төрт-бес жыл ішінде латын алфавитіне көшуге дайын отырған Өзбекстан мен Түрікменстан Республикалары бұл туралы заң да қабылдап қойды. Ал Қазақстан мен Қырғызстанның жағдайы мұны көтермейді, әлі де ойланып-толғануымыз керек. Біздің экономикалық және әлеуметтік-саяси қиыншылықтарымыз, демографиялық жағдайымыз бұл процесті кешеуілдете түсетіні ақиқат. Әсіресе еліміздегі қазақ тілінің аянышты хал-жайы, әлі де болса нақты мемлекеттік тіл тұғырына шыға алмай тұрғаны қынжылтады. СКАЧАТЬ