Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ - Коллектив авторов страница 22

СКАЧАТЬ style="font-size:15px;">      «Семей шаһарында рабфак ашылыпты». Бұл хабар күн күркіріндей естілді оған. Қатты қуанды. Әкеге қолқа салып көріп еді, тоңмойын шал тоң-торыс қалды.

      – Керекуден оқып келгенің аз боп жүр ме, балам?!

      Жұмат күлді. Ханида жақтырмай қалды. Қабағын түйіп, қатулана сөйледі.

      – Жасың болса отыздың үшеуіне келді, оқу сенің не теңің? Әукеш пен Хамза оқыса бір жөн.

      – Оқимын, – деді бірбеткей мінезіне басып. Ханида тағы бір нәрсе айтпаққа оқталып келе жатыр еді, Жұмат «қой» дегендей қолын сілтеді. Күйеуінің мінезіне қанық Ханида айтпақ болған сөзін жұтып қойды да, жәудіреп енесіне қарады…

      Қараңғылық әлі де сейіле қоймаған кез. Аспанның ақжемделген шырақтары сирексіп қалған. Ай сайғаққа ілінген орақ сынды. Қырық құрақ жаппаның маңы апыр-топыр адам. Қол созымда түйелі арба тұр. Бір топ адам соған қарай беттеп келеді. Орталарындағы Жұмат қапшығын тұңғышы Әубәкір көтеріп барады.

      Арба тақап келе бергенде Ханида күйеуінің жеңінен тартты.

      – Жұматжан, сен бізді, балаларды ұмытпайсың ба? Қайтіп келесің бе? – деді ол даусы қарлығыңқырап.

      – Қайтып келем, Ханида. Хат салып тұрамын.

      – Мен де барамын, – Хамза әкесінің шалғайына жабысып жатып: – менің де оқығым келеді, – деді

      Есейіп қалған Әубәкір Жұматты алыс сапарға жібергісі келмегендей мұңайып тұрды.

      – Сендердің болашақтарың алда, қарақтарым! Асықпаңдар, жетесіңдер. Үшеуің әлі-ақ менен де алысқа барасыңдар.

      – Әй, болсаңшы! – түйешінің даусы шаңқ етті. Жұмат балаларын емірене бауырына басып, беттерінен сүйді де, түйелі арбаға беттеді. Шешесі мен Ханида көздеріне жас алды.

      Түйелі арба ұзап барады. Көп көзі оған тапжылмай, тесіле қарап қалған. Алысқа сапар шеккен Жұматты күдік пен үміт қосарлана қуып бара жатты.

      Шығыс жақ бозаң тартты.

      Жаяулап он төрт күн жүріп келгені бар болсын, рабфактың меңгерушісі сыптығыр келген сырықтай, сыйдам жігіт тақылдап, көңілі қарқарадай боп келген Жұматтың үмітін су аяғы құрдымға жіберді.

      – Жасың асып кеткен екен, жігітім. Оқуға 25 жасқа дейінгілер ғана қабылданады. Енді әуре болмай еліңе қайтып, ескі кәсібіңе кірісе бер, – деді де ол теріс айналып кетті.

      Жұматтың алқымына ып-ыстық жас тығылды. Жыларман халге жетіп булығып кетті. Ойлап келген ісінің ойраны шықты. Ол дел-сал күйге түсті.

      «Ауылға қайтып кетсем бе екен? Ел-жұртқа не бетімді айтамын? Қой қаршадай қарғаларымнан ұят болар. Не болса да көндім».

      Ол енді бір ойға нық бекініп, жұмыс іздеп, қала көшелерін ұзақ кезді. «Көрмегенге көсеу таң». Жұматқа бәрі қызық. Оқта-текте ұшырасып қалатын қыр қазақтары болмаса, қала халқының жүріс-тұрысы мүлде бөлек. Жұмат олардың киген киіміне, жүріс-тұрысына қарайды да, өзінің оғаштығын сезеді. Шекесінен шып-шып тер шығады.

      Ол енді орталық көшелерден бой тасалап, шеткері шығып кетті.

      Ауылдан СКАЧАТЬ