Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ - Коллектив авторов страница 24

СКАЧАТЬ кеп түйіскен соң, олардың дегенінін мақұл көрді.

      Медицина институтын үздік бітіріп, аспирант болып қалған ол микробтар дүниесін зерттей бастады. Хамза Жұматов 1944 жылы кандидаттық диссертация қорғады. Содан аттай алты жыл Мәскеуде, кейіннен Ленинградтағы Одақтық экспериментальды медицина институтының вирусология бөлімінде КСРО медицина Ғылым академиясының академигі Смородинцевтің жетекшілігімен жұмыс істеді. Ол осы академияның бірінші докторанттарының бірі.

      1951жылдың аяғында КСРО денсаулық сақтау министірлігі Хамза Жұматовқа Алматыда – Қазақтың эпидемология және микробиология институтына ғылыми жетекші етіп жіберді. Оның басқаруымен Қазақстанның шет аймақтарына ғылыми экспедициялар шығып, жұқпалы ауру тарататын вирусты бактерияларды жою жолға қойылды. Өзі істейтін институтта, Ғылым академиясына вирусология бөлімін ашты. Бұл бөлім 1960 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы жанындағы микробиология және вирусология институты болып қайта құрылды.

      Ол отыз жылдық ғылыми өмірінде 200-ден астам ғылыми еңбек жазды. Оның 12-сі сүбелі монография Хамза Жұматовтын жетекшілігімен 30-ға жуық адам медицина және биология ғылымдарының кандидаттығына диссертация қорғаған. Олардың төртеуі қазір ғылым докторы. Францияда, Данияда, ГДР-да, Румынияда, Біріккен Араб Республикасында, Мәскеуде өткен халықаралық конгрестер мен симпозиумдарда ғылыми баяндамалар жасаған. 1954 жылы докторлық диссертация қорғап, 1958 жылы профессорлық атақ алды. Сол жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, ал 1967 жылы Республикамыздың Ғылым академиясына толық мүше болып сайланды. Ол ғылым және денсаулық сақтау жөніндегі еңбектері үшін екі рет «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше Қазақ КСР Жоғарғы Советінің грамотасымен наградталған.

      1941 жылдан КПСС мүшесі. Әудем мезеттен соң қонақ жігіт суыртпақтап сыр тарпақ болған Хамза біраз үнсіз отырды да, әңгімесін бастады. Біздің әулетіміз туған республикамызбен бірге гүлдеп келеді. Әкеміз қиындықтың зілмауыр жүгін мойнымен көтере жүріп бізді оқытты. Өзі де оқыды. Өзбек университетінің филология факультетін бітіріп, республиканың алыс аймақтарында қызмет істеді. 1945 жылы «Қазақ диалектологиясы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Өте тынымсыз кісі. Күні кешеге дейін сапаркеш болатын. 1955 жылы Арал-Каспий балықшыларының тіліндегі говорды зерттеймін деп жүріп, 14 күн ашық мұз үстінде қалып, ауруға шалдықты. Қазір сексен екіде. Докторлығын дайындап жүр «Демал» десек тыңдамайды.

      Қарт адам ғой, деңсаулығы мәз емес Әубәкір ағаның қазасы әкейді біраз тұралатып кетті. Ә, сіз ол кісіні – Әубәкір Жұматовты біле қоймайсыз. Менен үлкені сол. Биыл алпыс бірге келер еді. Қыршын кетті. Қызмет үстінде мен де, Ғаббас, Әмина, Сапар да ол кісіге борышкерміз. Әкеден кейінгі ақылшымыз еді.

      – Ауылшаруашылығы институтының бұрынғы ректоры ғой – Иә – деді, Хамза селт етіп. Қарсы алдында пысықсынып әлденені қойын дәптеріне жазып алып жатқан жігітке СКАЧАТЬ