Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ - Коллектив авторов страница 26

СКАЧАТЬ Бәрі жаңа: көңіл де,өмір де!».

      Шаңқай түс. Күннің ыстығы біліне бастады. Ғаббас Ніл шайғандай боп тазарған көгілжім көкке қарады.

      «Шаңқай түс. Менің өмірімнің, Қазақстанымның шаңқай түсі. Бұл кемел шақ».

      Оның кеудесін қуаныш кернеді. Шаңқан боз аспанға қарады. Бұлт жоқ. Дәл төбеде жарқырап мейірімді күн тұр. Кәдімгі күн, мейірімді жарқын күн…

      5. Іңір

      Ол шаршады. Қолы қарысып қалды. Көзі бұлдырады. Төсегіне кеп қисая кетті. Сол сәт өзінің Әубәкірі, Хамзасы, Ғаббасы, Әмина мен Сапары келіп, қолтығынан сүйеп тұрғандай сезінді. Біртүрлі бойы жеңілденіп, кеудесін шаттық қытықтады. «Айналайындарым, өмірімнің жалғасы!».

      Ол жан-жағына қарады. Шам жанып тұр. Жап-жарық. Тал түстегі күн секілді. Мейірімді, шапағатты. Айналайын – деді ол, еміреніп.

«Білім және еңбек» журналы, № 8, тамыз, 1970 ж.

      АЙТУЛЫ ҚАЗАҚ

Әбілфайыз ЫДЫРЫСОВ,Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Республика Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты

      Әдетте, қайсыбір сүйегі борық, жаны жасық адамдар 80 түгіл алпыстан әзер асып, өңі арса-арса болып, аяғын қыбырлап әзер басатын мыжырайған шал болады да қалады ғой…

      Ғабекеңнің нақ жетісінің өзінде ондайдан аулақ екенін өз көзіммен көріп ем.

      Әне, сол жетпісінен бері де Ғабакең он жылды артқа тастапты. Мен сол аралықтың соңғы жеті-сегіз жылында онымен мүлде кезікпеген едім.

      Мерейтойы болып жатқанын естігеннен әз ағаны көріп, сол қуанышымен құттықтаймын деп осы күндердің бірінде оның пәтеріне кештетіп телефон шалдым.

      Байқаймын Ғабекең сол баяғы баз күйде, шамасы, тез-тез сөйлеп, саңғырлап тұр. Даусымды бірден танып: – Той кешіме неге келмедің?! – деп ағалық базынасын да айтып жатыр. Сол үні. Сол шапшаңдығы. «Қартайып қалыпты-ау!» – дегізетіндей үнінде қырылдың да, сырылдың да, күбіртектің де еш нышаны жоқ. Қайта: «Жас адам ауыра ма екен!? Таста, жоғалт көзін оның!» – деп өзімді қайрайды.

      Неге екенін білмеймін, Ғабекең осы сөздерді айтқанда басыма: «Қайран тектілік! Қайран алтын ұя-ай!» – деген сөздер оралды. Сосын онымен өскен ортасы, ұшқан ұясы, әкесі, туғандары, өмірге алғашқы қадамы жайлы сөйлеп тұрып: «Ғабе, сіз, әскерге тау-кен институтының геология-барлау факультетінен аттанған екенсіз. Соны тамамдағанда ғой, қазір…» – дей бергенімде, ол: «Бәрібір осы Жұматов болар ем!» – дегенді фамилиясына екпін қоя айтты. Сосын ол әкесі Жұматты, ағалары – Әубәкірді, Хамзаны, апасы Әминаны, інісі Сапарды, туған жері – Баянды, шыққан тауы – Арқаттыны, шомылған көлдері – Жасыбайды, Өлеңтіні, Шідертіні еске алды.

      Неге өйткенін түсіндім. Бүгін 80-нің сеңгіріне көтерілген ақсақал болғанымен, ол солардың әлі сәби перзенті ғой. Сондықтан оларды еске алмай қайтсін, Ғабекең! Және, олар еске аларлық болса.

      Сондықтан оның: Жұматов деген өз фамилиясына неге екпін сала айтқанын да жақсы түсіндім. Неге десеңіз: Жұматов деген қазақтың әйгілі СКАЧАТЬ