Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ - Коллектив авторов страница 17

СКАЧАТЬ алу үшін жанталаса ұмтылады. Қамал сыртындағы жауынгер Жұматов радист болып істейтін. Артиллерия полкі Мухавец өзенінен қайықпен өтіп, қамалға кірмек болған немістерді тынбай атқылап, олардың қайықтарын көкке ұшырып, өздерін өзен түбіне жібереді. Барлық батареяларды бағыттап, олардың оқтарын жау төбесіне жай етіп түсіру ісі Жұматов рациясының арқасында, радисттің батылдығы шапшаңдық шеберлігінің нәтижесінде жүзеге асырылады.

      Бір жолы радист отырған бақылау пунктіне жау жақындап қалады. Жау танктері өңмендеп келе жатады, сол сәтте Жұматов Отан үшін өз басын оққа байлап, батареяға:

      – Мен отырған пунктті аямай атқылаңдар – деп, хабар береді. Ол хабарды алған батарея командирі:

      – Жоқ Жұматов, сен батареяға, полкке, Отанға бүгін ғана емес, ертең де керексің! – деп оқты оның үстінен сәл асыра атып, танктерді талқандап, оларды тасалап келе жатқан неміс автоматшыларының күлін көкке ұшырады. Отан үшін өмірін оққа байлаған радист аман қалады.

      Жұматов полкі жаумен осылай шайқасып, он бес күн қамалдағы достарына көмектеседі. Фашистер қамалды қоршауда қалдырып, ілгері кеткеннен кейін артқы полк та кейін шегінген еді. Шегіне жүріп, жаумен қиян-кескі ұрыс салады. Жаудың талай танкісін, талай техникасын, жүздеген адамдарын жайратады. Сөйтіп жүріп полк жау қоршауына түседі. Күн сайын жауынгер достар оққа ұшып айдалада қалып жатады. Әр достан айырылғанда Жұматовтың жаны күйеді. Бірақ, оларды құтқаруға, аман сақтап қалуға ешқандай амал жоқ. Ақыры бүкіл полктан тірі қалған 50 адам қоршаудың осал жерін бұзып өтіп, өзіміздің әскерге келіп қосылады.

      Жұматовтың жаңа полкі Горький қаласының іргесіндегі Гороховецк артиллерия лагерінде қайта жасақталып, 1941 жылдың 5 қарашасында Мәскеуге келеді. Мәскеуде Октябрь революциясының 24 жылдық мерекесіне арналған парадқа қатысып, қызыл алаңнан бірден майданға аттанады. Бресті қорғаған батыр Жұматов енді Мәскеуді қорғауға кіріседі. 5 желтоқсанда майдан шабуылға шығып, зұлым жауды Мәскеу іргесінен кейін қуу дәуірі басталады. Жұматов бұл дәуірді де басынан кешеді.

      Әрине, мұның бәрі айтуға ғана оңай. Сол бір тарихи шегіну, шабуыл күндерінде жауынгер Жұматовтың басынан өткен аса ауыр қиындықтарды жеңе білуге жұмсаған жан қуатының күшін ауызбен айтып жеткізу қиын!

      Су орнына қан кешкен бұл Ұлы соғысты жауынгер Жұматов, офицер Жұматов Венгрияда аяқтайды.

      Оның Отан қорғау жолындағы бұл ерен ерлігіне кеудесіндегі 30-ға жуық мемлекеттік ордендер мен жауынгерлік медальдар куә!

      Ғабекең – қасымызда жүрген хажайып қаһарман. Алдағы 2008 жылы жасы тоқсанға толады. Әлі күнге дейін адамгершілік, азаматтық, ұстаздық сапта келеді. Университетті бітіргеннен кейін, аспирантура тауысып, тарих ғылымдарының кандидаты болғаннан бастап, бұрын өзі оқыған қазіргі әл-Фараби атындағы

      Қазақ ұлттық университетінде үздіксіз ұстаздық қызмет атқарып келе жатқанына жарты ғасыр болды. Осы ұзақ уақыт ішінде бірде-бір СКАЧАТЬ