Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ - Коллектив авторов страница 23

СКАЧАТЬ хал-ахуалын солардан сұрап білді. Үлкені Әубәкір ауылдағы орыс мектебінде оқып жүр екен. Оны қатты қуантқан осы хабар. Қолының қысқалығына қарамай Ханиданың жасаған азаматтығына қатты разы болды.

      «Оқуымды бітіріп ауылға барған соң, Әубәкірді Орынборға жіберіп оқытармын. Хамза мен Ғаббастың жайын да ойлау керек екен» деп күбірледі ол. Күбірледі де күлді. Күлді де қуанды. Жүгіріп пәтеріне келді.

      Көптен бері қоңыр көңілінің көтерілгені осы. Ыңылдап «Айнамкөзді» айтты, «Ақбақайды» айтты. Сосын көзмайындай күтіп ұстап жүрген жартыкеш айнасына қарады. Қаз отындай қалың шашы үрпиіп өсіп кетіпті. Ми тақырға шыққан селеу сынды сақалы да көрер көзге оғаш. Өстіп жүріп 1925 жылы техникумды бітіріп шықты…

      «Тағы да бір мұғалім келді. Баянауылда Досқара деген болмаушы ма еді, бұл соның баласы екен. Семейде үлкен оқу тауысып, біздің мектепке келіпті» – деп қауқылдасып жатты Павлодар басындағылар.

      Жұматтың ешкіммен жұмысы болған жоқ. Келген соң екі жылдық мектепті төрт жылдыққа айналдырды. Оқушылар күшімен мектеп үйін жөндеді. Мектептің бір бөлмесінен «Ленин бұрышын» ашты. Класс керегелеріне Маркс, Энгельс, Ленин суреттерін ілді. Осы суреттермен бірге қазақ даласына жаңа өмір келді.

      3. Сәске

      Отыра бергені сол еді, телефон шыр ете түсті. Трубкаға қолын соза берді.

      Телефон тағы да шырылдады. Трубканы құлағына апарғаны сол еді, аржағынан әлдекімнің гүрілдеген даусы естілді. «Саламатсыз ба» дейді, журналистпін, сіздер жайлы очерк жазбақ едім, уақытыңыз болса, кездессек дейді. «Басқа адамдарды неге көрмейді екен осылар» – деп, іштей күбір етті.

      – Көп уақыт алмайсыз ба?

      – Сіз дайын отырсаңыз, көпке созыла қоймас, – деді, журналистпін деген жігіт әзіл тастаған болып.

      – Келіңіз.

      Ойланып қалды. «Сіз дайын отырсаныз» – дейді – Қандай дайындық керек екен, ә? Иә, иә өмірбаяныңды екшей бер деген ғой шамасы.

      Ол маңдайын сүйіп, кішкене көзін шарт жұмып, ойланып отырып қалды.

      Жұмат Екібастұз коммунасына Хамзаны бірге ала келді. Оның қойшылық таяғы Ғаббасқа тиді. Әубәкір Семей ауылшаруашылық техникумына оқуға кетті.

      Ауылда аздап сауат ашқаны болмаса, бәлендей білім жоқты Хамзада. Комунна мектебінде оқу қиын тиді. Алғашқыда ыңғайсызданып жүрді. Өйткені мұндағылардың жас шамасы бірдей емес, бес саусақ сынды үлкенді-кішілі болды. Кішкенелері пысық та, тебіндеп мұрт шыға бастағандары сабаққа келгенде түлейлеу еді. Хамзаның жасы осылардың алқым тұсында. Тақтаға шықса пора-пора болып терлеп кетеді. Сабақта білмей қалса, ересек тартқанына қарамай, еңкілдеп жылап жіберуге шақ қалып тұрады. Өжектеген намыс бос уақытында кітаптан бас алдырмай, білімге сусын жүген әкенің көмегі де көп тиді.

      Оқытты, тоқытты.

      Хамза Екібастұз коммунасының жеті жылдық мектебін үш жылда бітіріп шықты.

      Жұмат ортаншы ұлының бойындағы ерен қабілетін ерте таныды. Оның әдеби кітапқа тесілуіне қарап «осы ұлым жазушы СКАЧАТЬ