Название: Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ
Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0165-5
isbn:
Ал, Ғаббас ақсақалдың өзі болса, Жұматовтар әулетінің бүгінгі абызы! Ендеше «Жұматов!» – деп, әкесінің атын қасиеттеп, қастерлеп ол көтеріңкі екпінмен – мақтанышпен айтпай, кім айтады?!
Енді сол Ғаббас абыздың өзі ғұмырында не тындырды? Жұматовтар әулетін ол өзі не қаракетпен әйгіледі? Оның «Бәрібір осы Жұматов болар ем!» – деуінің мәнісі неде? – Осы сұрақтарға дәл жауап беру үшін, енді Ғабекең сексеннің сеңгіріне көтерілген күні оған Қазақтың ұлттық университетінің соғыс және еңбек ардагері атынан айтылған құттықтау мәтінін қысқартылған күйде алға жаяйын. Онда былай делінген:
«Аса қастерлі Ғаббас Жұматұлы!
Сіз бүгін сексеннің сеңгіріне көтеріліп отырсыз!
Қазақ жерінің алтын алқасында атақты Баянауылдың кәусар сулы, шалқар көлді, масатыдай құлпырған жасыл алқапты, ғажайып сиқырлы табиғи мүсіндерге толы, жұмбақ тасты таулы өңірінде, керемет бір тәлімді жанұяда дүниеге келдіңіз.
Сіз осы бір ғасырға жуық уақыт аралығында абзал азаматтың, айтулы Адамның ғұмыр жолын бастан кештіңіз! Үлгілі алтын ұя сізге сәби шақтан тамаша тәлім берді. Сізді елді, жерді, халықты, Отанды сүйетін, солардың сұлуындай қастерлейтін, солардың игілігі үшін шыбын жанды да пида ететін ұл етіп өсірді.
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «ЛитРес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.