Название: Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ
Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0165-5
isbn:
ҒИБРАТЫ ҒАЖАП ҒАББАС АҒА
Ең алғаш ағамызды 1954 жылдың күзінде көрдім. Онда мен КазГУ-дың (ол кезде осылай аталатын) тарих факультетінің 2-ші курс студентімін. Марксизм-ленинизм негіздері деген сабақ бар. Лекциясын проректор Серікбай Бейсембаев оқиды, семинарды Ғаббас Жұматов жүргізуі тиіс екен. Бізге дейін оқу қазақша болыпты, біз бірден орысша бастадық. Тең жарымымыздың орысшамыз нан алып жеуге зорға жетеді.
…Бірінші семинар. Сілтідей тынып отырмыз. Бір кезде есік ашылды. Сүліктей қап-қара костюм киген, түйіні шағын қап-қара галстук таққан, шашы да қап-қара, өзі бидай өңді, шағын денелі, жып-жинақы, сүйкімді, сұлу жігіт кіріп келе жатты. Біз тынышпыз, қыздарымызда сыбыр басталды…
– Тынышталыңыздар! – деп ұстазымыз басын көтеріп қалғанда, көзінен бір жылы ұшқын жалт еткендей болды. Сөзі де мақпалдай майда екен, дауысын көтермейді. Орысша сайрап тұр. Мүдірмейді. «Осынша орысшаға, мынандай білімге қалай жетті екен!» деп ойлаймын. Мен де осындай болсам-ау деп қиялға кетем баяғы.
Ағайымыз сабағын қанша мәнерлеп жеткізуге күш салса да, ауылдан қазақша оқып келгендеріміз семинарда орысшамыз жетпей қор болдық. «Екі» деген бағадан ұзай қоймадық.
– Неге бүйтесіңдер? – деп сұрады оқытушы бірде.
– Уақытымыздың көбі шет тіліне кетеді. Майя Ефимовна Бельская деген апайымыз бар, кұдды таскене секілді, қанымызды сорып тауысуға таяу. Орысшаның өзін біле алмай жүргенде… – деп мұңымызды шақтық.
Ғаббас аға біздің мұңымызды Серікбай Бейсембаевқа жеткізіпті. Проректордың қолын кім қақсын шет тілінен босатты да «орыс тілін тереңірек біліп алындар» деп тапсырды. Содан кейін орыс тілін де, марксизм негіздерін де тәуір үлгеріп кеттік. Ағамызды жақын көре бастадық. Өзі мінезге бай секілді. Сабақ үстінде қабак шытпайды, дөрекілігі жоқ. Қыздарымыз әрнені сылтауратып, үзілісте касына бара береді. Сұрақ қояды. Қу қыздар қылымсып күлімсірейді. Бұл кісі де кет әрі емес секілді. Аналарды бірдеңе деп күлдіріп кояды. Ағайымыз сонда отыздың ар жақ бер жағында ғана екен ғой.
Естуімізше, Ғаббас Жұматович Ұлы Отан соғысының ең қиын жерлерінде болған. Фашистердің ең бірінші бомбасы да, ең бірінші снаряды да Ғабекеңдер жатқан гарнизонды талқандаған. Ол Кенес Одағының ең шекарасын күзетеді екен.
Қаннен қаперсіз ұйықтап жатқанбыз, – деп еске алады ағамыз, сол бір тозақ күнді. Соның алдында ғана әскер мерзіміміз аяқталып, енді бір-екі күнде аттанғалы жүргенбіз. Жүрек толы сағыныш. «Елге жетсем, әке-шешемді, аға-інілерімді, Баянның айна көлін, қыз қарағайын көрсем-ау, шіркін!» деп, тағат таппай асығып жүрмін. Бір-бірімізге сүйретімізді СКАЧАТЬ