Название: Жалпы гидробиология
Автор: Б. Минсаринова
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 978-601-04-2166-0
isbn:
Көлдер мен батпақтардың грунтында рН 7-ге дейін көтерілмейді, ал теңіз тұнбаларында ол 7-ден жоғары. Гидробионттардың арасында осы фактордың кең ауытқуында тіршілік ететін организмдер эврииондылар, ал ортаның рН 5-6 ауытқуына төзімділерді стеноиондылар деп ажыратады. Эврииондылардан хирономидтердің Chironomus дернәсілдерін мысалға алуға болады, олар рН 2-ден рН 10-ға дейін ауытқуына төзімді болып келеді.
Еріген органикалық заттар. Суда еріген органикалық заттардың негізгі массасы қиын ыдырайтын гумин қышқылынан тұратын су қарашірігі (гумус) болып табылады. Аз мөлшерде әртүрлі қанттар, амин қышқылдары, дәрумендер және органикалық заттардың басқа да фракциялары кездеседі.
Әлемдік мұхит суларындағы еріген органикалық заттардың жалпы концентрациясы әдетте 0,5-тен 6 мг/л-ға дейін ауытқуып тұруы мүмкін. Теңіз суындағы органикалық заттардың жалпы санының 90-98 % еріген заттардың үлесіне тисе, тек 2-10 % тірі организмдер мен детрит түрінде (1:5 қатынасындай) кездеседі. Организмдегі органикалық заттармен салыстырғанда олар теңіз суында ондаған немесе жүздеген есе көп ериді. Шамамен осындай жағдай тұщы суларда да байқалады. Суда еріген органикалық заттар мөлшерін оның тотықтырғыштығы анықтайды, ол дегеніміз – органикалық заттарды перманганатпен (перманганатты тотықтырғыштық) немесе бихроматпен (бихроматты тотықтырғыштық) тотықтыруға кететін оттектің мөлшері. Суда еріген органикалық заттардың химиялық тұрақтылығы салдарынан оларды көптеген гидробионттар қорек ретінде пайдаланбайды, оларды тек қана бактериялар мен саңырауқұлақтар пайдаланады. Гидробионттарда әртүрлі хеморецептордың көмегімен еріген органикалық заттарды табуға қабілеттілік дамыған. Омыртқалы жануарлар хеморецепторларының көмегімен бірнеше сантиметрден бірнеше метрге дейінгі қашықтықтағы қорек пен басқа да объектілерді таба алады. Балықтар хеморецепторларын пайдаланып көбейетін жерлеріне баратын жолды табады. Шырма балықтар және басқа да көптеген балықтар хеморецепция арқылы өз дараларын анықтайды және жыртқыштардың «иісін» қабылдап, қорғаныштық үйір түзейді.
Қалқымалы заттар. Олар органикалық заттар, мөлшеріне қарай өте көп лайлы грунтқа және органикалық заттары салыстырмалы аз болатын детритке ажыратылады. Судың қозғалуы кезінде суқоймалар түбінің эрозиясы нәтижесінде, әсіресе өзендерде, бөгендерде, кіші көлдер мен тоғандарда грунт лайланады. Судағы детрит минералды және органикалық бөлшектерден тұрады. Кез келген минералды бөлшек өзінің беткі қабатына органикалық қабықшаны адсорбциялайды, онда өз кезегінде бактериялар орналасады. Детриттің қалыптасуына минералды қоспалар, өлген организмдер мен олардың бөліктері, сонымен бірге СКАЧАТЬ