Название: Жалпы гидробиология
Автор: Б. Минсаринова
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 978-601-04-2166-0
isbn:
Теңіздерде H2S гетеротрофты десульфирлеуші бактериялармен сульфатты күкірттің қайта қалпына келуі нәтижесінде пайда болады, олар анаэробты жағдайда тіршілік етіп, метаболизмдік тотығу кезінде сутек акцепторлары ретінде сульфаттарды пайдаланады. Десульфирлеуші бактериялардың дамуын оттектің азаюы қамтамасыз етеді, олар сульфаттар мөлшері көп, бірақ судың вертикалды айналымы әлсіз болатын шұңқырларда тіршілік етеді. Тұщы суда десульфирлеуші бактериялар өте аз кездеседі және онда күкіртті сутектің пайда болуы өте сирек байқалады, әдетте ол суқойманың сульфаттармен ластануы қалдық судың құрамымен байланысты болады. Тұщы суқоймаларында күкіртті сутекті шіріту бактериялары бөліп шығарады, өйткені осындай жерлерде ыдырайтын белоктық заттар көп жинақталады. Судың күкіртті сутектен босауы бактериялардың, әсіресе күкіртті бактериялардың, тіршілігінің нәтижесінде әрі абиогенді, әрі биогенді жолмен жүретін тотығу барысында жүзеге асады. Оттек мол болатын судың беткі қабаттарында күкіртті сутектің сульфат пен тиосульфатқа дейін тотығуы абиогенді жолмен, ал оның жоғарғы аймағында S2-ионының 1/3 бөлігіне жуығының тотығуы биологиялық жолмен жүзеге асады, тереңге қарай күкіртті бактериялардың іс-әрекеттері нашарлай бастайды.
Метан көптеген гидробионттар үшін күкіртті сутек сияқты улы болып табылады. Клетчатка және басқа да органикалық заттардың микробтар көмегімен ыдырауы кезінде пайда болады. Әдетте оның мөлшері суға су түбі шөгінділерінен бөлінетін барлық газдардың шамамен 30-50 %-ын құрайды. Метанның пайда болу жылдамдығы, негізінен, ыдырайтын субстраттың мөлшері мен температураға тәуелді. Метанды, әсіресе органикалық заттары көп болатын тоғандар мен көлдердің грунттары бөледі. Суқоймаларда пайда болған метанның біразы атмосфераға түседі, біразын микроэрофилді бактериялар H2CO3-қа дейін тотықтырады. Су қабатындағы метантотықтырғыш бактериялардың мөлшері әдетте 1 мл ондап немесе жүздеп, ал 1 г грунтта мыңдап кездеседі. Олар метанды тіпті өте аз концентрацияда (0,05 мкмоль/л) пайдаланып, оның су қабатында жиналуына кедергі келтіреді.
Минералды тұздардың иондары. Судағы барлық минералды иондардың концентрациясы оның тұздылығын білдіреді. Судың тұздылығы 1 кг-да граммен немесе промилмен (‰) анықталады. Минералды иондар биосинтез процесін қамтамасыз ету үшін өсімдіктерге қажет, олар биогендер деген атауға ие. Гидрофиттердің өсуі мен дамуын тежейтін осындай биогендерге азот, фосфор, кремний, темір иондары жатады. Гидробионттар үшін кальций және магний иондарының концентрациясы да маңызды, олардың жалпы СКАЧАТЬ