Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова страница 4

Название: Жалпы гидробиология

Автор: Б. Минсаринова

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-2166-0

isbn:

СКАЧАТЬ планктоны мен бентосының қорын бағалау, оларды балықтардың қорек ретінде тұтыну дәрежесін анықтау жұмыстары 1929 жылы Арал қаласында Бүкілодақтық балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Арал балық шаруашылығы тұрақты станциясының ашылуымен басталды. Арал теңізіне байланысты гидробиологиялық жұмыстарды университет және балық шаруашылығы институты мен оның филиалдарының қызметкерлері, мысалы, Н.З. Хусаинова (1946 жылдан бастап), Л.О. Пичкилы (1971), Т.А. Кортунова (1978), Н.И. Андреев (1990), С.И. Андреева (1984), Г.М. Дукравец және басқалары (1973), Л.И. Шарапова және басқалары (1985) және т.т. атқарды. Ал С.И. Ибрашева Алматы қаласының маңындағы суқоймаларының гидробионттарын алғашқы зерттеушілердің бірі болды. 1959 жылы Қазақстан ҒА Зоология институтында әуелі сектор, кейіннен ихтиология және гидробиология бөлімі ұйымдастырылды. Бұл институтта А.С. Малиновская, В.А. Тэн, Т.С. Стуге, Т.Т. Трошина, С.А. Матмуратов, Е.Г. Крупа, О.Е. Лопатин, Н.С. Айнабаева және т.б гидробиологтар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді және жүргізуде. Зоология институтында ашылған бұл бөлім кейіннен Арал, Балқаш, Алтай бөлімшелерін қамтитын Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына (КазНИИРХ – қазір «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы») айналды. Бұл институтта көптеген ғалымдар (Н.А. Амиргалиев, Н.С. Воробьева, С.К. Тютеньков, А.П. Фаломеева, Л.И. Шарапова, Э.В. Логиновских, Р.Е. Садуакасова және басқалары) Қазақстанның барлық территорияларындағы табиғи және жасанды суқоймаларында зерттеу жұмыстарын жүргізді және жүргізуде. 1961 жылы ҚазМУ-да (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) ихтиология және гидробиология кафедрасы ашылды. Бұл кафедрада және оның жанындағы Ғылыми-зерттеу лабораториясында проф. Н.З. Хусаинова, доцент С.И. Ибрашева, проф. В.П. Митрофанов, доценттер Г.М. Дукравец, А.П. Фаломеева, В.А. Смирнова, А.Ф. Сидорова, Ш.Г. Курмангалиева, Г.Я. Буранбаева, Т.И. Збарах, Р.Х. Мамилова, Л.И. Шарапова, Б.Қ. Минсаринова және т.т. еңбек етті және етуде. Бұл ғалымдар гидробиология ғылымының Қазақстанда дамуына және қалыптасуына үлкен үлес қосты және қосуда.

      Сұрақтар:

      1. Гидробиология ғылымы және оның салалары мен зерттеу нысандарын сипаттаңыз.

      2. Гидробиологияның теориялық міндеттерін түсіндіріңіз.

      3. Гидробиологияның қолданбалы міндеттерін түсіндіріңіз.

      4. Гидробиология ғылымының қалыптасу тарихын сипаттаңыз.

      5. Гидробиология ғылымының Қазақстанда қалыптасу тарихын сипаттаңыз.

      6. Оқытушының тапсырмасы бойынша Қазақстанда гидробиология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдардың жұмыстарымен танысып, реферат дайындаңыз және оны білім алушылар алдында қорғаңыз.

      1-бөлім

      ГИДРОСФЕРА – ТІРШІЛІК ОРТАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ МЕКЕНДЕУШІЛЕР

      1-тарау

      ГИДРОБИОНТТАРДЫҢ ТІРШІЛІК ОРТАСЫНЫҢ ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

      Гидробионттардың тіршілігіне су физика-химиялық дене ретінде үздіксіз әсер СКАЧАТЬ