Название: Жалпы гидробиология
Автор: Б. Минсаринова
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 978-601-04-2166-0
isbn:
Бірдей жағдайда суда әртүрлі заттардың ерігіштігі ерекше болады, ол еритін заттың мөлшеріне, температураға және қысымға тәуелді.
Кейбір суқоймаларында балдыр жаппай өскенде оттектің уақытша қанығуы байқалады, егер де еріген газдың мөлшері жоғары болса, онда ол сол температура мен қысымға сәйкес келеді. Дегенмен зоопланктонның тыныс алуы және өлім-жітімге ұшыраған планктонның тотығуына оттектің шығындалуы газдың судағы мөлшерін азайтып, оның шамадан тыс артып кетуінің алдын алады. Судың ортаңғы және терең қабаттары беткі қатардағы диффузды немесе конвекционды ағыстармен, сонымен бірге терең сулы өсімдіктердің фотосинтезі арқасында оттекпен байытылады. Көктем және күзде судың толық циркуляциясы терең қабаттарды оттекпен байытуға әсер етеді. Байытылған оттек гидробионттардың тыныс алуына, детрит пен өлім-жітімге ұшыраған организмдердің ыдырауы кезінде тотығу процестеріне жұмсалады.
Олиготрофты суқоймалардың терең аймақтарында күз бен көктемде жүретін температуралық ауытқу қабатында оттек концентрациясының бірден азайып кетуі байқалмайды. Ал термоклинді су қабатының төменгі жағдайында оттектің мөлшері 70 % қанығудан кем болмайды.
Қалыпты аймақтардың жазықтығындағы көлдер мен бөгендерде жазда термоклин қабатының үстінде орналасқан қабаттарда оттектің мөлшері шамадан тыс болады.
Фитопланктонның жаппай дамуы арқасында зоопланктонның дамуына қолайлы жағдай туындайды. Өлген планктон қауымдастықтары су түбіне түседі және ыдырайды. Дегенмен термоклин зонасында олардың шөгуі су тығыздығының артуымен баяулайды және олардың ыдырау процесіне оттектің көп мөлшері шығындалады. Термоклин қабатының үстіндегі планктонның тығыз қабаты балдырлардың дамуын тежеп, су тұнықтығын төмендетеді және олар О2 жетіспеушілігін толықтыруы да мүмкін. Оттектің біраз бөлігі планктонның тыныс алуына жұмсалады. Кейде термоклин қабатында оттектің мөлшері азаяды немесе мүлдем жоқ болып кетеді.
Көмір қышқыл газының вертикалды таралуы О2-мен тығыз байланысты. Фотосинтез процесінде көмір қышқыл газының концентрациясы азаяды, тыныс алғанда, өлім-жітімге ұшыраған организмдердің ыдырау процесінде және химиялық реакциялар кезінде керісінше артады.
Бақылау сұрақтары:
1. Судың физика-химиялық қасиеттерінің гидробионттардың тіршілігіне тигізетін әсерлерін түсіндіріңіз.
2. Грунттың физика-химиялық қасиеттерінің гидробионттардың тіршілігіне тигізетін әсерлерін түсіндіріңіз.
3. Табиғи судың құрамындағы еріген заттардың гидробионттардың тіршілігінде алатын орнын түсіндіріңіз.
4. СКАЧАТЬ