Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова страница 5

Название: Жалпы гидробиология

Автор: Б. Минсаринова

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-2166-0

isbn:

СКАЧАТЬ оның +4ºС-та тығыздығы максимум болады және температура +4ºС-тан жоғары не төмен болғанда судың көлемі ұлғаяды, нәтижесінде ол жеңілденеді. Температура +4º-тан 0º-қа төмендегенде судың тығыздығы артады. Мұздың құрамындағы су молекулаларының арақашықтығы суға қарағанда алыстау, осыған орай мұздың көлемі өзі түзілген суға қарағанда үлкен, яғни ол судан жеңіл және суға батпайды.

      Мұздың тығыздығының төмен болуы су жануарлары үшін пайдалы. Өйткені мұз су бетінде қалқып тұрады. Осылайша ол салқын ауаның суға өтуіне кедергі жасайды, ал ол өз кезегінде судың түбіне дейін қатып қалуына мүмкіндік бермейді.

      Қалыпты қысымда су 100ºС-та қайнайды, 0ºС-та мұзға (p = 0,92 г/см3 ) айналады, сондықтан мұз су бетінде қалқып жүреді. Температура +4ºС болғанда тығыздығы 1 г/см3 болады. Су температурасы +4 °C-қа жақындағанда тұщы судың көлемінің арту қасиетінің экологиялық маңызы өте зор. Себебі жылыну немесе салқындау салдарынан судың беткі қабатындағы су температурасы +4 °C шамасында болғанда, тығыздық градиентінің теңесуі басталады. Судың үстіңгі қабатындағы тығыздығы жоғары су төменге түседі, ал төменгі қабаттағы су жоғары көтеріледі, осылайша су араласып гидробионттардың тіршілік ету жағдайының өзгеруіне алып келеді. Су салқындағанда судың көлемінің ұлғаю қасиеті олар үшін өте маңызды. Осының арқасында мұз судың беткі қабатында қалқып, оны суық ауадан оқшаулайды және жоғарыда айтылғандай саяз суқоймаларының түбіне дейін қатып қалудан сақтайды.

      Судың тұтқырлығы. Басқа да сұйықтықтармен салыстырғанда судың тұтқырлығы шамалы, бұл оның үнемі қозғалыста болуына байланысты. Осыған орай ол гидробионттардың жүзуін жеңілдетеді.

      Температура жоғарылаған сайын судың тұтқырлығы біршама төмендейді, ал судың тұздылығы артқан сайын тұтқырлық едәуір өседі. Тұтқырлықтың өзгеруі локомоторлық жүйесі нашар дамыған майда организмдердің қозғалуына күшті әсер етеді. Өйткені үйкелісу күшіне әсер ететін салыстырмалы бет өте үлкен. Қимыл-қозғалыс жүйесі жоқ гидробионттар үйкеліс болмаған жағдайда су қабатында тұру қабілетінен айырылады, ал қимыл-қозғалысы дамыған формалар су түбіне түспеу үшін көп қосымша энергия жұмсаған болар еді.

      Су тұтқырлығы организмдердің су қабатында қалқып тұруын жеңілдетеді, осыған орай көптеген гидробионттарда сумен үйкелісу күшін арттыруға бағытталған арнайы бейімделушіліктер қалыптасқан. Бұл әсіресе жаз айларында, температураның жоғарылауына байланысты судың тұтқырлығы төмендеген кезде жақсы байқалады.

      Судың беткі тартылыс коэффициенті жоғары – 76 эрг/см2, ол температураға және тұздылыққа байланысты 75-77 эрг/см2 аралығында ауытқып тұрады. Ал глицеринде бұл көрсеткіш 65 эрг/ см2, аммиакта 42, басқа сұйықтықтарда 30 эрг/ см2-ден төмен болады. Судың беттік қабығы организмдер үшін ерекше тірек болып табылады. Оны пайдалану үшін дене жабынына су жұғу немесе жұқпау сияқты арнайы бейімделушіліктер дамыған. Дене жабынына су жұқпайтын организмдер судан СКАЧАТЬ