Название: Жалпы гидробиология
Автор: Б. Минсаринова
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 978-601-04-2166-0
isbn:
Су арқылы жарық өткенде оның бір бөлігі планктон арқылы сіңіріледі және фотосинтез процесіне пайдаланылады, жарықтың қалған бөлігін су сіңіреді. Осыған орай су тереңдеген сайын жарықтану азаяды. Суқоймаларында «орнына келтіру» деген ұғым бар, ол дегеніміз жасыл өсімдіктердің өз тіршілігін сақтап қалатын тереңдік, яғни мұндай өсімдіктерде жүретін фотосинтез олардың тыныс алуын дәлме-дәл теңестіреді. Орнына келтіру деңгейі жүзеге асатын тереңдік су мөлдірлігіне байланысты болады.
Судың мөлдірлігі суқоймаларындағы фитопланктон мен макрофиттердің вертикалды бағытта орналасуы үшін үлкен маңызға ие. Жоғары сатыдағы су өсімдіктері мен бекінген макробалдырлар сублиторалдық жағалау маңы аймағында мекендейді. Бұл жерлерде жарық жағдайы тым жақсы. Сол сияқты балдырлардың негізгі массасы судың беткі қабатында көптеп кездеседі және олар тәулік бойы қозғалысты болып әр түр өзіне ыңғайлы жағдайларды таңдайды.
Судың түсі де оның мөлдірлігі сияқты әртүрлі сәулелердің сіңірілуі және шашырауына байланысты болады. Таза су көпшілік жағдайда қысқа толқынды сәулелерді шашыратады және оның спектрлі құрамына сәйкес су көкшіл болып көрінеді. Табиғи судың түсі әртүрлі себептерге байланысты болады. Десе де таза су – түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Судың қабаты 5 м-ден асқанда көгілдір түсті болып келеді. Тұздар мен темір кешендерінің (комплекстерінің), гумин қосылыстарының болуы суға қоңыр түс және жағымсыз дәм береді. Суда гуминді заттардың болуы оның түсін өзгертеді және ол бұлардың концентрациясына байланысты олиготрофты көлдерде көкшіл, гуминді суларда қоңыр болып келеді.
Осылармен қатар судың түсі ондағы қалқыма заттардың болуына да байланысты. Фитопланктонның, ондағы балдырлар түрлерінің басымдылығына қарай, жаппай дамуы кезінде судың түсі әртүрлі болып келеді. Мысалы, Gonyaulax туысына жататын диатомды балдырлардың құрамында қызыл пигмент болады, осыған орай олардың популяциясының тығыздығы жоғары болғанда судың түсі қызыл болады. Судың түсі оның мөлдірлігіне әсер етеді және көкшіл түстен қоңыр түске өзгергенде мөлдірлігі күрт төмендейді. Судың мөлдірлігін диаметрі 30 см ақ түсті Секки дискісі арқылы анықтайды. Судың түсі, оның мөлдірлігі сияқты, әртүрлі сәулелердің сіңірілуі және қалқыған заттардың тұну салдарынан жиналу қарқынына байланысты. Ал су түбінің қасиеті ең алдымен оның механикалық және гранулометрикалық құрамымен, яғни су түбіндегі тұнбалардан пайда болған түйіршіктің көлемімен сипатталады.
Грунттың физика-химиялық қасиеттері. Су түбі организмдері үшін грунт бөлшектерінің көлемінің, олардың бір-біріне жабысу тығыздығының, өзара орналасуы тұрақтылығының, ағыспен шайылу деңгейінің, қалқыған заттардың тұнуы арқылы жиналу жылдамдығының экологиялық маңызы өте зор. Ең алдымен грунттың физикалық қасиеттері түптік тұнбаны түзейтін бөлшектерінің мөлшерімен анықталады. Түйіршіктерінің көлеміне СКАЧАТЬ