Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова страница 7

Название: Жалпы гидробиология

Автор: Б. Минсаринова

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-2166-0

isbn:

СКАЧАТЬ құндылығын білу үшін ондағы органикалық заттардың жалпы санымен қатар оның құрамын да білу қажет.

      Су түбі шөгінділері сумен тығыз қарым-қатынаста болады. Грунттан суға әртүрлі тұздар, газдар, қатты компонеттер үздіксіз түсіп отырады, сонымен бірге ағыс арқылы судың қалың қабатынан су түбі шөгінділеріне әртүрлі минералды және органикалық заттар әкелінеді.

      Табиғи судың құрамындағы еріген заттар. Табиғи су сутек пен оттектен тұратын химиялық қосылыс түрінде емес, күрделі дене түрінде болады. Оның құрамына су молекулаларынан басқа алуантүрлі заттар кіреді. Суда тіршілік ететін организмдер үшін барлығының маңызы зор. Олар үшін судың әртүрлі газдармен қанығуының, минералды тұздар иондарының концентрациясының, сутек иондары мен органикалық заттардың, қалқыған заттардың құрамы мен концентрациясының экологиялық маңызы жоғары.

       Газдар. Суда болатын жеке газдардың мөлшері олардың табиғатына, атмосферадағы парциалды қысымға және судың өзінің күйіне, температура мен тұздылыққа тәуелді. Нақты жағдайда суда еритін газдың мөлшерін қалыпты деп атайды. Белгілі бір жағдайда суда ери алатын газдың мөлшері де қалыпты деп аталады. Кейде газдың мөлшері абсолютті көрсеткішпен емес (көлемдік және сандық), қалыпты (судың газбен қанығу деңгейі) жағдайын пайызбен көрсетіледі. Су организмдері үшін оттектің, көмір қышқыл газдың, күкіртті сутектің және метанның маңызы өте зор.

      Оттек. Судың оттекпен қанығуы, негізінен, атмосферадан енуі және фотосинтездеуші өсімдіктердің бөліп шығаруы арқасында жүреді. Газдың жетіспеушілігі оның судан атмосфераға шығуы және тотығу процестеріне, соның ішінде тыныс алуға тұтынуы нәтижесінде байқалады. Атмосферада осы газдың қалыпты мөлшерінде (210 мл/л) 1 л суда 10,29 мл оттек ериді. Температура мен тұздылық жоғарылағанда оттектің қалыпты мөлшері төмендейді. Суқоймалардың оттектік режимі көптеген факторларға тәуелді. Мысалы, атмосферадан оттектің енуі судың беткі қабатында жүреді және фотосинтез аймағы беткі қабаттарда орналасады. Осыған орай бұл қабаттар төменгі қабаттармен салыстырғанда оттекке жақсы қаныққан. Егер де судың беткі қабаты мен терең бөлігіндегі оттектің мөлшері бір-бірінен ерекшеленсе, онда оттектік дихотомия туралы айтуға болады. Бүкіл су массасында оттектің біркелкі таралуын гомооксигения деп атайды. Ол бүкіл су массасын қамтитын күшті алмасу кезінде байқалады. Оттектік дихотомия суқоймалардың стагнациясы (тұрып қалу) кезінде пайда болады, бұл кезде су массасының вертикалды айналымы (циркуляциясы) болмайды. Оттекке қатысты организмдер эвриоксидті және стеноксидті формаларға бөлінеді (эври- және стеноксибионттар). Олар қарастырылып отырған фактордың кең және тар ауытқу шегінде өмір сүруге қабілетті. Эвриоксидті формалардан аз қылтанды құрттар Tubifex tubifex, Viviparus viviparus моллюскаларын атауға болады. Бұл организмдер оттек мүлдем болмаған немесе оның мөлшері өте көп болған жағдайда өмір сүре алады. Стеноксибионттарға Planaria alpine кірпікшелі құрты, Blepharoceridae қосқанаттылар дернәсілдері және оттектің мөлшері 3-4 мл/л төмен СКАЧАТЬ