Название: Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар)
Автор: Амангелді Әліпбаев
Издательство: КазНУ
Жанр: История
isbn: 9965-791-81-3
isbn:
Толастамаған француз басқыншылығы неміс княздері жағынан қорғаныс қозғалысын туғызған болатын. “Пфальц мұрагерлігі” үшін соғыста (1688-1697 жж.) Франция өкіметі Император мен неміс мемлекеттерінің топтасуына тап болады. Бұл топқа сондай-ақ Испания, Швеция, Англия және Голландия да кірген еді [9, s.193]. Өз кезегінде мұны топтық қақтығыс деп атауға болады. Мұндай халықаралық шиеленісті белгілі американдық ғалым Л.Козер: “билік үшін, құндылық үшін, дәреже үшін, сирек бағалы шикізат үшін топтық қатысушылар арасындағы әр елдің өзінің бақталасын бейтараптандыру, әлсірету немесе жою мақсатындағы қақтығысы”, – деп айқындаған [4, с.243]. Яғни, осы шиеленіске қатысқан әр мемлекет өзінің одақтасына әскери көмек беруі, сол мемлекетке жаны ашығандықтан емес, өзінің алдына қойған түпкі мақсатына жетуді ойлауынан, өзінің мүддесін қанағаттандыру жолындағы іс-әрекеті екендігі күмән туғызбайды. Ол тарихи заңдылық та. Сол орайда, бұл соғыста Франция көздеген мақсатына жете алмады. Пфальц аумағы Империя құрамында қалып, Франция Люксембургті және Рейннің оң жағалауынан бас тартуына мәжбүр болса да, бұл жолы таласты аудан Эльзас пен Страсбургті өз құрамында алып қала алды [2, s.268].
Ал “испан мұрагерлігі” үшін болған соғыс Франция мемлекеті үшін өте нәтижесіз аяқталған болатын. Бұл соғыста Франция жағында Бавар және Кёльн курфюстілері соғысса да, Бранденбург курфюстісі Императорды қолдағаны үшін одан прусстық королі деген лауазымға ие болған еді [2, s.270]. Бұл да бір көздеген мақсат. Халықаралық қатынастар тарихында өкінішті жайттардың бірі – кей сәттерде жеке билік басындағылардың мүддесін қорғауда жай қарапайым халықтың қаны төгіліп, жаны пида болады. Сонымен, Людовик 14-тің билік құрған соңғы жылдары толассыз болған соғыстарда титықтаған Францияның еуропалық құрылықтағы ықпалының әлсіреуі, Пруссияның күшеюімен сабақтаса келді. Бұл, өз кезегінде, Пруссия елінің австриялық Габсбургтерге ашық қарсы тұра бастауына қолайлы жағдай туғызды. Яғни, К.Боулдингтің көзқарасы бойынша, бұл – “әр тараптар өз кезегінде басқаның көңілінен шықпайтындай деңгейді басып қалуға ұмтылатын бақталастық жағдайы болатын” [4, с.243]. Басқаша айтқанда, халықаралық өзара қарым-қатынастарға қатысушылардың бір сәтте жүзеге асыруға ұмтылған мүдделерінің қарама-қайшылығы іспеттес.
Кейінгі ғасырларда, әсіресе Людовик 15-тің тұсындағы Франция неміс мемлекеттеріне байланысты дәстүрлі “қуатта да биле” саясатын жалғастыруға тырысты. “Австрия мұрагерлігіне” байланысты соғыста (1740-1748 жж.) Франция басында Пруссияны қолдаса, 1756-1763 жылдардағы “жеті жылдық” соғыста Австрияны қолдағанымен, екі соғыстың нәтижесі де француздар үшін тиімсіз болды [2,s.281-282]. Ақырында, француз монархиясының экономикалық және саяси дағдарысы 1789 жылғы бұржуазиялық революцияға әкелді. Француз революциясын тұншықтыруда басты қимыл жасаған Пруссия екені белгілі. Оның басты себебі өзінің көршілес бақталас мемлекетінің СКАЧАТЬ