Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар). Амангелді Әліпбаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар) - Амангелді Әліпбаев страница 9

СКАЧАТЬ бірігуін іштей құптады, өйткені ол Еуропа құрылығында өзінің бақталасы Францияға қарсы тұратын мемлекеттің құрылатындығын көрді. Ағылшын өкіметі өзінің геосаясатын қалайда өзіне тиімді пайдалануға тырысты. Еуропалық құрылықта шеттеу жатқан Англияға, көрші жатқан Франция мен Герман мемлекеттерін бір-біріне қарсы қою өте қолайлы еді, және біріккен Герман мемлекеті Франция үшін қашанда тежеуші күшке айналатыны сөзсіз.

      1866 жылғы Австриямен болған соғысында Пруссия үстемдікке жетіп, Австрияны германдық алаңнан жылжытады [10, s.288]. Тек осы соғыс барысында, Франция да өзіне үлес алып қалу саясатын ұстап, екінші жағынан геосаясат тұрғысынан алғанда Германияның нығая түсуі Франция үшін де өте қауіпті еді. Сол мақсатта Франция шамасы жеткенше Бисмаркты тежеуге тырысады. Бисмарк Австрияға қарсы соғысын бастамастан бұрын, өзінің дипломатиялық қабілеттігі арқасында Францияның осы соғыста бейтараптық күйде болуын қамтамасыз ету үшін, ІІІ Наполеонға Бельгия мен Люксембург үлесі есебінен аумақтық жер бөлуге уәде берген болатын. Тек Пруссия мен Австрия арасындағы соғыс кең етек алып, Пруссияның үстемдігі басым бола бастағанда, Франция өзінің көздеген мүддесін, қалыптасқан жағдай негізінде өзіне әлде қайда тиімді пайдалану үшін Бисмаркқа жаңа шарт қояды. Бұл Франция мен Германия арасындағы қатынастың өте күрделі беттерінің бірі – Саар көмір бассейнін беруді талап етеді. Әрине, бұған Бисмарктың келісуі мүмкін емес еді. Бисмарк өз естелігінде осы сәтті былай жазады: “…егер француздар соғысқа араласатын болса, онда бізге тез арада Австриямен орташа бітімге келіп… Францияға соғыс ашу керек. …Францияға қарсы соғыс бізге жеңіл түспейтіндігіне көзіміз жеткенімен…француздық шабуыл жасайтын әскери күш те шамалы… тек өз жерінде қорғанысқа көшкенде… оларда басымдылық болып, соғыс көпке созылып кету қаупі бар“ [14, с.33-34]. Мұның өзі сол кезеңде, әлі германдық мемлекеттер бірікпей жатып-ақ, өздерінің мемлекеттік мүдделері үшін соғысқа негіз барын көруге болады. Түбінде екі ел арасындағы соғыстың болуы сөзсіз екендігін көрсетеді. Осы жолы француз-герман қақтығысы дипломатиялық жолмен шешілсе де, екі ел де басынан көздеген мүдделеріне толық жете алмады. Австрия-прусс соғысы нәтижесінде, Герман одағы таратылады. Оның орнына Солтүстік-Герман одағы пайда болып, федералды канцлер болған Бисмарк, Майнның солтүстігінде жатқан барлық герман мемлекеттерін біріктіреді [15, s.300-301].

      Ендігі жерде Бисмарк бүкіл қызметін кішігерман жоспары бойынша герман бірлігін аяқтауға ат салысқаны аян. Өйткені ол француздардың араласуының нәтижесінде Майнның оң жағындағы герман мемлекеттерін біріктіруге мүмкіндігі болмады.

      Франция мен Германияның арасындағы Еуропадағы үстемдікке таластың ашық сипат алған кезеңі де осы уақытқа сай келеді. Олардың саяси ұстаған бағыттарына негізгі әсер еткен жағдай, олардың ішкі дамуы, әсіресе экономикалық тұрғыдан алға жылжуы. Сол сәттегі әлемдік экономикалық дағдарыс, Францияға кері әсерін тигізіп, оны СКАЧАТЬ