Название: Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы
Автор: Амангелді Әліпбаев
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 9965-30-805-5
isbn:
1. Дипломатиялық тіл ұғымын қалай түсінесіз?
2. Қазақстандық дипломатиялық ресми іс қағаздарының ұлттық тілде ресімделу үрдісі қалай?
3. Дипломатиялық арнайы терминдер мен сөз орамдарына түсініктеме беріңіз?
4. Дипломатиялық құжаттың белгіленген мазмұнын нақты ашудың мәні қандай?
5. Толыққанды дипломатиялық құжаттардың тілдік және стилистикалық құрылымына қойылатын таптарды атаңыз?
1. Дипломатиялық терминдерді жинақтау және сараптау.
2. «Қазақ және орыс тілдерінде дипломатиялық іс жүргізу» сөздік-анықтамалығы бойынша дипломатиялық сөз орамдарына жан-жақты талқылау жасау.
3-ТАҚЫРЫП
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ ЖАЗУҒА ЖӘНЕ РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Кез келген дипломатиялық құжаттың мазмұны мен нысаны өте маңызды. Осыған байланысты дипломатиялық құжаттарды ресімдеуде оның орындалуы мұқияттылықты талап етеді. Дипломатиялық құжаттарды әзірлеу барысында көптеген жайттарды ескерген дұрыс. Құжаттарды қалай ресімдеу керектігін, қандай дәйектемелерді ұстану қажеттілігін ең алдымен дипломатиялық қызмет шешеді. Дегенмен, әрқашан да серіктестердің негіздеген дәйектемелерін ескере білген жөн. Сол себепті дипломатиялық құжаттарды дайындау жоғары кәсіби біліктілік пен дипломатиялық тәжірибені талап етеді. Дипломатиялық хат алмасу да жалпы дипломатиялық үрдіс тәрізді ұзақ даму жолынан өтті. Соның негізінде бүгінгі күні дипломатиялық құжаттар шет тілдерде, сондай-ақ орыс тілінде өзіндік бір қалыптасқан тәртіпке сүйенсе, қазақ тілінде халықаралық деңгейдегі ресми хат алмасудың үлгісі енді ғана қалыптасу үстінде. Бұл өз кезегінде бірқатар қиыншылықтар туғызады. Сол себепті еліміздің халықаралық қатынастар саласындағы мамандары қазақ тіліндегі дипломатиялық құжаттарды ресімдеуді жетілдіруге шын ниетпен талаптанса қазақ тіліндегі құжаттар да әлемге әйгілі болары анық.
Өйткені мемлекеттің дипломатиялық қызметінің бір түрі ретінде дипломатиялық құжаттар елдің әлеуметтік-экономикалық құрылымына, тіліне, мәдениетіне тән ерекшеліктерін көрсетеді. Бірақ барлық өзіндік ерекшеліктерімен қоса, әр ғасырдағы дипломатиялық құжаттарға қашан да айрықша талаптар қойылған, қойылып келеді де. Мысалы ежелгі дәуірде дипломатиялық құжаттар бір елдің билеушісінен екінші мемлекеттің патшасына арналғандығынан немесе оның атынан өкілетті тұлғаның қол қоюынан емес. Егеменді мемлекеттердің басшылары құжаттарға берік болуға серт берген. Белгіленген міндеттемелерден бас тарту беделді жоғалтып, СКАЧАТЬ