Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы. Амангелді Әліпбаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы - Амангелді Әліпбаев страница 4

СКАЧАТЬ қандай міндеттемелер жүктелген?

      3. Дипломатиялық құқықтың негізін қалаған халықаралық құжаттар мен әлемдік авторлардың ғылыми еңбектерін салыстырыңыз.

      4. Мемлекетаралық қатынастарды жүйелеу мақсатында мемлекеттер қандай халықаралық деңгейдегі құжаттарды бекітті?

      5. Қазақстан Республикасының «Дипломатиялық қызмет туралы заңы» дипломатиялық қызметтің міндеті мен функциясын қалай айқындаған?

Өзіндік жұмыс тақырыбы:

      1. «Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясын (1961 ж. 18 сәуір)» сараптау.

      2. «Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясына (1961 ж. 18 сәуір)» жан – жақты талқылау жасау.

      2-ТАҚЫРЫП

      ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ТІЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

      Дипломатиялық қызмет жазба жұмысымен өте тығыз байланысты. Дипломатиялық хат алмасу арқылы мемлекеттердің дипломатиялық қарым-қатынастары жүзеге асады. Дипломаттар өздерінің жұмыс уақытының басым мөлшерін өз үкіметі мен сыртқы істер министрлігі арасында ресми хат алмасуға арнайды: саяси хаттар, шартты белгімен жазылатын жеделхаттар, әр түрлі нұсқадағы анықтамалар, ұсыныстар, сұхбат жазбаларын, келіссөздер мен баспасөз мәслихаттарына арналған мәлімдеме жобаларын, жадынамалық жазбаларын, келісімдер мен шарттардың жобаларын және т.б. дайындайды, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен министрліктер арасындағы дипломатиялық құжаттарды: ноталар, мәлімдемелер, декларациялар, жеке жолдамалар, меморандумдар, коммюникелер, басқа да ресми құжаттарды жобалайды. Осы құжаттарды дайындау барысында дипломатиялық тілге ерекше көңіл бөлінеді.

      Дипломатияда дипломатиялық тіл екі түрлі түсінікті білдіру үшін қолданылатын ұғым. Біріншіден, бұл ресми дипломатиялық қатынастар жүргізілетін және халықаралық шарттар жасалынатын тіл. Екіншіден, бұл жалпы қабылданған дипломатиялық сөздікті құрайтын дипломатия саласындағы белгілі бір түсінікті дәл бейнелейтін терминдер мен сөз орамдарының жиынтығы. Мысалы: агреман, атташе, альтернат, денонсациялау, пакт, ратификациялау сияқты терминдер дипломатия саласына тән терминдер.

      Қазіргі кезде ресми дипломатиялық қатынастар жүргізілетін және халықаралық шарттар жасалынатын міндетті бірыңғай тіл жоқ (ежелде француз тілі болатын). Бүгінгі күні біртіндеп тілдердің тепе-теңдік қағидасы қалыптасуда. Сол негізде барлық мемлекеттердің сыртқы істер мекемесі (бірен-саран елдер ғана болмаса) дипломатиялық қатынастардағы ресми хат алмасуларды, әсіресе дипломатиялық нотамен өзара алмасуды ұлттық тілдерінде жүргізеді.

      Дипломатиялық қызмет қашанда елмен елді табыстыратын алтын көпір ғана емес, халықаралық алаңда мемлекеттерді бір-бірімен беттестіріп, мемлекеттің бет-бейнесін әлемге паш етеді. Ежелден ұлтты ұйытқан ұлағатты бабаларымыз елінің бейбітшілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іргелес жатқан елдерге сан мәрте өз елшілерін аттандырған. Қазақ халқының басынан өткен небір қиын-қыстау сәттерде мемлекетаралық байланысты СКАЧАТЬ