Название: Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы
Автор: Амангелді Әліпбаев
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 9965-30-805-5
isbn:
Осыған орай Үндістан мен Пәкістан қатынастарында 2004 жылдан бері орын алып отырған оң өзгерістерді қолдайды.
Қазақстан тек қана тұрақты және кешенді диалог екі жақты мәселелердің барлығын, соның ішінде Кашмир мәселелесінің шешілуіне жетелейді деп санайды.
Осы жағдайлардағы барлық дипломатиялық құжаттардың мақсаты – мемлекеттің саяси ұстанымын мәлімдеу, бұл жөнінде басқа мемлекеттерді хабардар ету. Ресей мен Грузия арасында 2008 жылдың 8 тамыз күні орын алған қақтығысқа қатысты:
Оңтүстік Осетиядағы және осы өңірдегі соңғы оқиғалар әділ және ұстамды бағалауды талап етеді, өйткені олар принципті сипаты бар бірқатар мәселелерді қозғайды.
Оңтүстік Осетияда күрделі шиеленіскен этно-аумақтық мәселені күшпен шешуге әрекеттену ауыр салдарларға әкеліп соқты. Мәселені бейбіт жолмен және құқықтық тұрғыдан шешу едәуір қиындады.
Өңірдегі гуманитарлық апат жағдайында Қазақстан зардап шеккен тұрғындарға материалдық көмек көрсетуде.
Болашақта этно-аумақтық мәселелерді шешуде – жалпы жұрт таныған халықаралық құқықтық базаға сүйенуі тиіс екені айқын.
Біз Ресей, Франция, Грузия президенттері, сондай-ақ Абхазия және Оңтүстік Осетия басшылығы қол жеткізген уағдаластықтарды қолдаймыз. Осы уағдаластықтарды қақтығысқа қатысы бар барлық тараптардың мүлтіксіз орындауы қажет.
Біз осы мәселені БҰҰ Жарғысына, 1975 жылғы Хельсинки Қорытынды Актісіне, 1966 жылғы халықаралық пактілерге және халықаралық құқықтың басқа да негізге алынатын құжаттарына сәйкес шешудің Ресей басшылығы ұсынған жолын құптаймыз.
Сонымен қатар, қақтығыс аймағында ЕҚЫҰ бақылаушыларының санын көбейтуді және олардың рөлін жандандыруды жақтаймыз.
Астана, 2008 жылғы 19 тамыз.
Негізінен мемлекеттің халықаралық-құқықтық немесе саяси ұстанымын білдіруінің мәні бұл мемлекеттің басқа елдің іс әрекетіне немесе оқиғаға қалай болса солай қарай алмайтындығында, мемлекеттің қандайда бір мүддесіне қатысты болуында. Ғаламдық шеңберде болып жатқан саяси оқиғалар оның ішінде жеке тұлғалардың қазасы да мемлекеттердің назарынан тыс қалмайды. Кезіндегі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев БҰҰ Бас Хатшысының Ирактағы арнайы өкілі Сержио Виейра ди Меллоның өліміне себепші болған Бағдадтағы лаңкестіктік актілерді қатаң айыптап мәлімдеме жасады. Сыртқы саяси ведомствоның басшысы бұл жауыздық іс-әрекеттің, ең алдымен, Ирактың соғыстан кейінгі қалпына келтіру мен соғыстың ауыр салдарларын жеңуде Ирак халқына көмек көрсетуде бар күш-жігерін салып жатқан БҰҰ-ға қарсы бағытталған деп атап өтті. Қ.Тоқаев Сержиу Виейра ди Меллоның туған-туыстары мен жақындарына, сонымен қатар Ирактағы БҰҰ миссиясының қызметкерлеріне көңіл айтты. Сыртқы істер министрі БҰҰ-ның Бас Хатшысы Кофи Аннанға көңіл айту жеделхатын жолдады.
&nb СКАЧАТЬ