Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы. Амангелді Әліпбаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы - Амангелді Әліпбаев страница 10

СКАЧАТЬ көңіл бөлетін болсақ, сөйлемнің мағынасына қарай «іс-әрекет» сөзі жағымсыз, ал «іс-қимыл» сөзі жағымды мағынада жиі қолданылады.

      Мысалы: Халықаралық лаңкестердің іс-әрекеттері тұрақты созылмалы сипат алып отырғаны ерекше алаңдатушылық туғызады немесе Қазақстандық дипломаттардың белсенді іс-қимылдары арқасында еліміздің жағымды келбетін қалыптастыруға қол жетті. Осы екі сөйлемде айтылған хабардың мағыналары екі бөлек. Бұл өз кезегінде дипломатиялық қызметте ресми құжаттар дайындауда әр сөздің, сөз тіркесінің орасан зор маңызға ие болатындығын айқындайды.

      Дипломатиялық құжаттарды ресімдеуге қатысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шеңберінде нақты ереже бекітілген. Ережеде белгіленген талаптарға қысқаша тоқталатын болсақ:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құжаттары Word for Windows мәтіндік редакторының 3.0 және одан жоғары нұсқасын пайдаланып, Times New Roman Kaz – өлшемі № 14, Times New Roman – өлшемі № 14 шрифтімен бір аралық арқылы басылады. Жекелеген жағдайларда бір аралық өзгертілуі мүмкін. Кестелерді басуға басқа өлшемдегі шрифтер пайдаланылуы мүмкін.

      2. Бланкіде, сондай-ақ бланкісіз ресімделген құжаттың әрбір басылған парағының төмендегідей жиек өлшемдері болады:

      сол жағы – 3 см;

      оң жағы – 1,5 см;

      жоғарғы жағы – 2 см;

      төменгі жағы – 2 см;

      құжаттың парақтық екі бетіне бірдей басқанда екінші бетінде де осы өлшемдер сақталады.

      3. Құжаттың мәтіні екі немесе одан да көп бетте болса, екінші және одан кейінгі беттер нөмірленеді. Қосымшалар бөлек нөмірленеді. Беттердің реттік нөмірлері араб цифрларымен құжаттың жоғары жақтағы шегінің ортасына нүктесіз қойылады. Құжаттың немесе қосымшаның бірінші беті нөмірленбейді.

      4. Әрбір құжат деректемелер деп аталатын жекелеген элементтерден тұрады. Құжаттың түріне байланысты деректемелері өзгеріп тұрады. Мысалы, құжат жобасында қажетіне орай «Жоба» деген ескертпе қойылуы мүмкін.

      5. Жекелеген деректемелерді жазу мен орналастыру талаптары

      1. Мәтіннің тақырыбы

      Құжаттың тақырыбы оның мазмұнын қысқа және нақты бере алатындай болуы тиіс.

      ҚР шетелдік мекемелерімен хат алмасу барысында ел аттарын қысқартып, мысалға: РФ-дағы ҚР Елшісіне сияқты қысқартуға болмайды. Лауазым атын толық түрде жазу қажет, негізінен құжат басқа ұйымдарға жіберілетіні сияқты орындаушысы көрсетіліп ресімделеді.

      Жалпы саны үштен аспайтын бірнеше шетелдік мекеме басшыларына құжат дайындағанда былайша жазу қажет:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНДАҒЫ, БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖӘНЕ УКРАИНАДАҒЫ ЕЛШІЛЕРІНЕ

      бұдан соң мәтін келеді. Егер құжат төрт және одан да көп шетелдік мекемелерге жіберілсе:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛШІЛЕРІНЕ(тізім бойынша)

      деген сөздерден кейін міндетті түрде жіберілетін мекемелердің тізімі жеке парақта СКАЧАТЬ