Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы. Амангелді Әліпбаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы - Амангелді Әліпбаев страница 3

СКАЧАТЬ дипломатия. Теория и практика» (–М.,2000), Н.С.Леонов «Информацонно-аналитическая работа в загранучреждениях» (–М.,1996), Д.Б.Левин «Дипломатия: сущность, методы и формы»(-М.,1962). Қазақстандық ғылыми айналымға да осы бағытта бірқатар еңбектер қосылды: М.И.Исиналиев «Записки дипломата» (–Алматы, 1998), М.А.Сарсембаев «Дипломатическое и консульское право» (-Алматы, 1999). Қ.К.Тоқаевтың жалпы жетекшілігімен шыққан «Қазақ және орыс тілдерінде дипломатиялық іс жүргізу» (-Астана,2004), «Дипломатическая служба Республики Казахстана» (-А.: Дом печати «Эдельвейс»,2004), Ж.С.Елемесова, А.К.Елемесов «Церемониал, протокол, этикет» (-Алматы, 2005). 2008 жылы Алматының «Арда» баспасынан шыққан құрастырушы-автор М.Кәрібайдың «Дипломатиялық хат алмасу (үлгілер)» атты кітабы тікелей нақты үлгілердің негізінде дипломатиялық құжаттарды құрастыруға арналған.

      Мемлекетаралық қатынастарды жүйелеу мақсатында мемлекеттер 1961 жылы 18 сәуір күні Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына қол қояды. Әлемнің барлық мемлекеттері, оның ішінде конвенцияға әзірше қосылмаған елдер де, конвенция көлеміндегі ережелерді сақтайды, протокол қызметтері өз қызметінде осы ережерлерді ескереді. Кейбір елдерде Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы ұлттық заң ретінде алынған және де ұлттық құқық ережесі дәрежесінде қаралады, яғни, инкорпорацияланады. Бірқатар елдер Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы ережесінің негізінде қосымша өз заңнамаларын қабылдауды дұрыс көрген. Сол ретте Қазақстан Республикасы да тәуелсіз мемлекет ретінде 1997 жылы 12 қарашада «Дипломатиялық қызмет туралы заңын» қабылдайды. Бұл заң мемлекеттік қызметтің бір бөлігі ретіндегі Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ оның қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

      Заңның бірінші бабында дипломатиялық қызмет пен консулдық қызмет ұғымына анықтама беріп өткен:

      1. “Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі – Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарына сәйкес республиканың сыртқы саяси қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардағы азаматтардың кәсіби қызметі.

      2. Консулдық қызмет – дипломатиялық қызметтің Қазақстан Республикасы Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысы негізінде жүзеге асырылатын бір бөлігі”. Заңның 5-6 баптарында Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің мақсаттары мен міндеттері нақтылы айқындалған болатын. Осы заңның негізінде Қазақстан Республикасының “Дипломатиялық қызмет туралы заңына” толықтырулар енгізіліп, 2002 жылы 7 наурызда жаңа мәтіні қабылданады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі осы заңның негізінде жүзеге асырылуда.

      Дипломатиялық қызметте дипломатиялық құжаттарды дайындау дипломатиялық жұмыстың аса бір маңызды саласы болып табылады. Мемлекеттердің дипломатиялық құжаттамасы әралуан. Оның басым бөлігін таза ішкі мекемеаралық сипаттағы СКАЧАТЬ